География
Ауданның оңтүстік бөлімінің топырақтық жамылғысы таулы-шалғындық топырақтардан құралған, жазықтары ашық-қоңыр, солтүстік-батыс бөлімі тұздалған шалғындық сор топырақтардан құралған.
Аудан аумағының өсімдік жамылғысы екі түрлі: таулар өсімдігі және жазық өсімдігі. Таулар өсімдігі шілікті-түрлішөпті-дәнді қауымдастыққа, жазық өсімдігі ермен-боз қауымдастыққа жатады.
Негізігі су тамырлары – Қандысу, Теріс-Айрық, Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Ласты. Өзендердің көпшілігі тау өзендері және де Зайсан көлінің су қоймасына жатады.
Тарих
Тарбағатай ауданы 1928 жылы құрылған, территориясы 23,7 мың шаршы шақырым.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамыр айындағы Жарлығымен Республикамыздағы әкімшілік жұмыстардың өзгертілуіне байланысты Ақсуат ауданы таратылып Тарбағатай ауданының аумағына енгізіліп Тарбағатай ауданы деп аталды. Тарбағатай ауданы - Шығыс Қазақстан облысының Оңтүстік Шығыс бөлігінде орналасқан.
Тарбағатай ауданы аграрлы аймаққа жатады. Экономикасының басым салалары дәстүрлі мал шаруашылығына, оның ішінде қой шаруашылығына негізделген. Аудан қой мен ірі қараның саны бойынша облыста жетекші орында тұр. Аудандағы барлық мал басының 92,0%-ке жуығы үй шаруашылығы мен ұсақ шаруа қожалықтарында шоғырланған. Мал шаруашылығы өнімінің 70%-ке жуығы үй шаруашылығында өндіріледі.
Аумағы
Ауданның барлық жер алаңы 2374,1 мың гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жердің аланы – 2118,2 мың гектар, оның шінде егістік – 28,2 мың гектар, шабындық – 89,0 мың гектар, жайылымдық – 2001,0 мың гектар.
Ауданның әкімшілік орталығы – Ақсуат ауылы
17 ауылдық округттерге бөлінеді :
– Ақсуат ауылдық округі,
– Ақжар ауылдық округі,
– Тұғыл ауылдық округі,
– Екпін ауылдық округі,
– Көкжыра ауылдық округі,
– Кіндікті ауылдық округі,
– Жәнтікей ауылдық округі,
– Жаңаауыл ауылдық округі,
– Сатпаев ауылдық округі,
– Құйған ауылдык округі,
– Қызыл кесік ауылдық округі;
– Құмкөл ауылдық округі;
– Қабанбай ауылдық округі;
– Қарасу ауылдық округі;
– Маңырақ ауылдық округі;
– Ойшілік ауылдық округі;
– Жетіарал ауылдық округі.
Шекаралар
Аудан аумағының рельефі оңтүстікте кең бағытта керілген Тарбағатай жотасы, шығыста Маңырақ жотасының аласа таулы, солтүстік және батыс бөлігі Зайсан ойпатына ұласады. Шығысында Зайсан, батыста Үржар, Аякөз, солтүстікте Көкпекті, Күршім аудандарымен шектеседі. Ауданның оңтүстігінде ҚХР-мен мемлекеттік шекара өтеді.
Халқы
Статистикалық деректер бойынша 01.01.2018 жылға халық саны 39,9 мың адам болды, олар 17 ауылдық окргтегі 60 елді мекендерде тұрады.
Инфраструктура
Ауданда жалпы білім беретін 34 орта, 4 негізгі орта, 12 бастауыш мектептерінде 8525 оқушы білім алуы қамтамасыз етілді. Бұның сыртында 2 саз мектебі, 2 спорт мектебі, 1 өнер мектебі, 1 қосымша білім беру орталығы жұмыс жасайды. Оған оқушылардың 78,6 пайызы немесе 6705 бала қамтылып отыр.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту және оқыту бойынша 22 бала бақша 43 шағын орталық жұмыс істейді. Онда аудандағы мектеп жасына дейінгі тіркелген 2777 баланың 100 пайызы немесе 2777 бала қамтылды.
Өндіріс
Аудандашағынкәсіпкерліктідамытудың 2017 жылғаарналғаніс–шара жоспарынасай, 2017 жылышағынжәне орта кәсіпкерліктідамыту, шаруашылықтарынкеңейтіп, мүліктерінжаңартуғажәнесаудаорындарынжасақтауғақажеттінесиеалуларынабергенсұраныстарынасай, ауданкәсіпкерлерінетолықжағдайларжасалды.
2017 жылыболжаммен 1496,0 млн. теңгеніңөнеркәсіпөнімдеріөндіріліп, өткенжылдыңтиістікезеңіменсалыстырғанда 1442,5 млн. теңге) болып, өнімдердіңнақтыкөлемініңиндексі 103,7 % орындалды.
Статистикалықмәліметкесай, 2017 жылытіркелгенкәсіпкерліксаласындағышағын бизнес субъектілерінің саны – 102, оныңішінде: жұмысістейтіні – 81.Былтырғыжылдыңтиістікезеңіменсалыстырғандажұмысістейтінкәсіпорындар саны 29кәсіпорынғакөбейіп, 155,8% артты.
Жер ресурстары
Ауыл шаруашылығы белгісіндегі жерлер – 1139236 гектар;
Елді мекендердегі жерлер – 553680 гектар;
Өнеркәсіп жерлері – 23760 гектар;
Ерекше қорғалатын табиғат аумағының жерлері – 6541 гектар;
Су қорының жерлері – 106155 гектар;
Қор жиналған жерлер – 543818 гектар;
Еңбек ресурстары
Аудан аумағында Тарбағатайлық колледж коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді, келесі мамандықтары бойынша оқыту жүргізілуде:
1) «Тамақтандыруды ұйымдастыру» – 193 адам;
2) «Тігін өндіріс және киімді модельдеу» – 15 адам;
3) «Профиль бойынша фермерлік шаруашылығы» – 125 адам.
4) Аспаз-38 адам.
5) Мал дәрігері -15 адам
Кадрлар әлеуеті
Аудан аумағында Тарбағатайлық колледж коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді, келесі мамандықтары бойынша оқыту жүргізілуде:
1) «Тамақтандыруды ұйымдастыру» – 10 адам;
2) «Тігін өндіріс және киімді модельдеу» – 34 адам;
3) «Профиль бойынша фермерлік шаруашылығы» – 126 адам.
2015-2016 оқу жылдары ішінде білім беру мекемелері бойынша түлектер 480 адам құрап, оның 327 оқушылары немесе түлектердің жалпы санынан 68,1% пайызы Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысты, қорытынды бойынша аудан орта баллы 82% құрады.
Инвестициялық әлеует
2017 жылдың 12 айында экономиканың нақты секторында жеке тұлғалардан негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі қосымшасын қоса есептегенде 2624,5 млн теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2258,5 млн теңге болып, 116,2 % кеміді.
Шағын кәсіпкерліктен жергілікті бюджетке түскен салық көлемі 55,6 млн. теңгені құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда /42,8/ 102,0% артты.
Ауданда 370 сауда дүкені, 47 қоғамдық тамақтандыру орындарымен (асхана, дәмхана, мейрамхана), 89 қызмет көрсету орындары, 20 жанар жағар май құю станциясы, 17 дәріхана, 45 шағын наубайхана халыққа қызмет көрсетіп отыр.
2017 жылдың 12 айында 8 сауда дүкені, 5 қоғамдық тамақтандыру орыны, 1 шағын нубайхана іске қосылды.
Ауданда 2017 жылдың 12 айында барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 6008,8 млн. теңге болып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100 % орындалды. Оның ішінде: меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелерден 379,9 млн теңге, жеке тұлғалардан 2605,1 млн теңге болды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандырып, 2017 жылдың аяғына дейін қалыптасқан бағаның орташа өсімін 10% асырмау жөнінде аудандағы атқарушы органдармен азық-түлік саудалайтын сауда дүкендері иелері арасында екі жақты 202 меморандум жасалып, орындалуы атқарушы органдар тарапынан қадағалануда. Екі жақты жасалған меморандумның бұзу фактілері қазіргі уақытқа дейін орын алған жоқ.
Бекітілген кестеге сәйкес, Ақсуат және Ақжар ауылдарында әр сенбі күні ауылдық округтердегі кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауар өңдірушілерінің қатысуымен жәрмеңкелер тұрақты өткізілді. Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары делдалсыз саудаланып аудандағы сауда дүкендері мен сауда базарларындағы негізгі бағадан 10-15% төмен бағада саудаланды. 2017 жылдың 12 айында 23 рет өткізіліп, 175,8 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері саудаланды.
Аудандағы шағын және орта кәсіппен айланысуға тілек білдірген азаматтарға қолайлы жерден орын беру, өндірген өнімдерін саудалауға жағдай жасауға үнемі назар аударылып, жас кәсіпкерлерді тегін оқыту, бизнеске байланысты түрлі түсініктемелер беру, әкімшілік кедергілерді жоя отырып, бизнеспен еркін айланысуларына жағдай жасау одан әрі жалғасатын болады.
Кадрлар ресурстарында қажетсіну
Бүгінгі күнге Тарбағатай ауданы бойынша қажеттілік талап етуде, олар:
1) мұғалімдер-физика, химия, математика, орыс тілі) – 3 бірлік;
2) мал дәрігер – 2 бірлік;
3) тракторшылар – 15 бірлік;
4) токарь – 6 бірлік;
5) слесарь – 9 бірлік;
6) автоэлектрик жұмысшылары - 9 бірлік;
7) егін шаруашылығының маманы – 5 бірлік
8) электр және газбен пысырушы – 11 бірлік.
Туристік әлеует
Ауданда Тарбағатай мемлекеттік табиғи қорық бар, әулие «Ырғызбай-ата»кесенесі,«Бөрітостаған» тауы және «Сеңгір»сауықтыру лагері бар.