География
Күршім ауданы облыстың шығысында орналасқан. Ауданның табиғаты сан түрлі: бұл Зайсан шөлдерінің аптап ыстықтары, Мәрмәр тауының, Азутау жотасының асулары, тайгалы ормандар мен тау шыңдарындағы мәңгілік қарлар. Бір жағынан – күнге күйген жазықтар, екіншісінен – таулар, аюы, барысы, маралы мен бұлғыны бар адам қолы тимеген тайгалар. Бұл Оңтүстік Алтайдың қорықтық жерлерінің, бірегей көлдерінің, «қызыл кітаптағы» жануарларының өлкесі. Күршім тауының жотасымен және Азутау жотасымен қоршалған, ортасында көлі бар Марқақөл ойпатында қорық жерлері бар. Марқақөл – Қазақстан Республикасында таулы аймақтарында ең үлкені. Күршім ауданында «Киін Керіш» және «Алаулаған адырлар» атты геолого-палеонтологиялық және геоморфологиялық табиғат ескерткіштері мен «Ашутас» геолого-палеоботаникалық табиғат ескерткіші бар.
Тарих
Күршім ауданы - Шығыс Қазақстан облысының 19 аумақтық бірліктердің бірі, облыстың шығыс бөлігінде орналасқан. Күршім ауданы 1927 жылы құрылған. 1997 жылдан бастап бұрынғы Марқакөл және Күршім аудандарын біріктіреді. Әкімшілік орталығы Күршім ауылы облыс орталығынан 220км қашықтықта орналасқан. Күршім ауылында 2017 жылдың 1-қазанына 6938адам немесе аудан халқының 27,5% тұрады. Ауданның аумағы 23,2 шаршы километрге тең. Ауданның әкімшілік-территориялық құрылымы 12 ауылдық округ немесе 49 ауылдық елді мекеннен тұрады. Аудан халқы 25 мың адамды құрайды. 2017 жылдың басына этникалық құрамы: қазақтар - 91,3%, орыстар - 8,0%, басқа ұлттар - 0,7%. Аудан Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Катон-Қарағай аудандарымен және Қытай Халық Республикасымен шекараласады.
Аумағы
Аудан көлемі 23,2 мың кв.км.
Ауданың әкімшілік орталығы – Күршім ауылы.
12 ауылдық округтерге бөлінеді:
- Күршім
- Теректі
- Абай
- Ақбұлақ
- Балықшы
- Боран
- Қалғұты
- Қалжыр
- Құйған
- Маралды
- Сарыөлең
- Төсқайың
Шекаралар
Аудан солтүстігінде Катон – Қарағаймен, батысында Көкпектімен, оңтүстік-батысында Тарбағатаймен, оңтүстігінде Зайсан ауданымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.
Өскемен каласымен Күршім ауылының арақашықтығы – 220 км;
Семейге дейін – 400 км;
Астанаға дейін – 1250 км; Алматыға дейін – 1250 км.
Халқы
2017 жылдың 25 желтоқсанына аудан бойынша 25191 адам тұрады.
Инфраструктура
Ауданның инфраструктурасына: электрмен, сумен жабдықтау, жол саласы, көлік, телекомуникация, пошта торабы, білім беру саласы жатады.
Білім беру саласына: 43 мектеп, сонын ішінде 23-і орташа, 17 негізгі, 3 бастауыш мектеп бар. Оның 27-і мемлекеттік тілді, 6 аралас мектептер. Бұдан басқа ауданда 4 балабақша, 2 өнер мектебі, 1 шығармашылық үйі және 1 сауықтыру лагері бар.
Өндіріс
Күршім ауданы бойынша 2017 жылдың қаңтар – желтоқсан айына өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 3603,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айына 3662,4 млн. теңге) табиғи индекс көлемі 116,9 пайызды құрады. Оның ішінде:Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемі 3170,6млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айына3221 млн. теңге) табиғи индекс көлемі 119,2 пайызды құрады.Өндеу өнеркәсібінде тамақ өнеркәсібі өндірісі 2582,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда табиғи индекс көлемі 70,9 пайызды құрады. 2017 жылдың 12 айында өнеркәсіп өнімінің өндірілген көлемі 3603,5млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі – 116,9 пайызды құрады.
Жер ресурстары
Ауылшаруашылық жерлерінің ауданы – 342384 га
өндірістік жерлері – 3257 га
қосымша жерлері – 1103695 га
Еңбек ресурстары
2018 жылдың 1 қаңтарына 722 жұмыс орны ашылды. 540 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа, 39 жас маман жастар практикасына, 44 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.Жыл басынан 1336 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, олардың 1256 жұмысқа орналасты (жұмысқа орналасу деңгейі – 94 пайыз).
Кадрлар әлеуеті
Тракторшы – 53
Электромонтер – 20
Тамақтануды ұйымдастыру – 15
Тігін өндірісі және киім үлгісі – 14
Шаштараздық өнер және декоративтік косметика – 20
Инвестициялық әлеует
2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айына аудан экономикасына негізгі капиталына 2640,8 млн теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 119,5 пайызды құрады (2016 жылдың 12 айында 2076,4 млн. теңге).
Күршім ауданында 2018-2020 жылдары шетелдік инвесторларды тарта отырып, 2 тау-кен кәсіпорнының құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ, Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салуды бастау жоспарланып отыр. Бұдан басқа, туризм саласына инвестициялар тартуды көздейтін аймақ туризмін кезең-кезеңмен дамыту жоспары әзірленді.
Кадрлар ресурстарында қажетсіну
Кадрлар ресурстарының тапшылығы жоқ.
Туристік әлеует
Күршім ауданына келген саяхатшыларды ауданымыздың табиғатының ерекшелігімен байлығы қызықтырады.
Ауданда бүгінгі күні Күршім ауданы Маралды ауылдық округі Маралды ауылынан 6 км жерде орналасқан «Кеңсу» демалыс орны жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар ауданымызда саяхатшыларды қызықтыратын бірнеше жерлер белгіленген:
- Бұқтырма су қоймасы
- Ертіс өзені мен Зайсан көлі
- Марқакөл көлі
Туризм саласын дамыту үшін «Марқакөл таңы» ЖШС учаскесінде емдеу сауықтыру- дем алатын орынның құрылысы және «Верхняя еловка», «Губа», «Қиын Керіш» учаскелерінде 14 қонақ үйін салу жоспарда.
«Марқакөл» қорығы:
Мемлекеттік «Марқакөл» қорығы 1976 жылы 4 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында Марқакөл көлін және қоршап тұрған табиғатын сақтап қалу үшін ұйымдастырлған. Қорықтың көлемі 75048 га жерді құрайды және негізгі бөлігі Марқакөл көлінің аймағын қамтиды. Құрғақ аймақтары екі учаскеге бөлінген, оңтүстік –шығыс жағалау және солтүстігі Азутау жотасымен және Топалевка өзенімен жалғасып жатыр және біраз бөлігі Күршім жоталарымен жалғасуда.
«Марқакөл» қорығы 2221 га жер айналымы күзетіледі. Сонымен қатар «Марқакөл» көлінің маңайынан 1500 га жер спорттық және любит балық аулау түрлерімен айналвсу үшін бөлінген.