• Мобильді үстемені жүктеу

География

Аудан облыстың солтүстік-шығыс аумағында орналасқан. Катонқарағай ауданы солтүстік және солтүстік-шығыс аумағында Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен шектеседі, оңтүстік – шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Күршім ауданымен, солтүстігінде Зырян ауданымен шекараласады, батыс аумағында Бұхтарма бөгені алып жатыр. Агроклиматтық жағдайлар бойынша Катонқарағай ауданы таулы аймақ және ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпы шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы.

lake_yazovoe bukhtarma_river

Аудан ызғарлы қыс, қысқа мерзімді көктем және күз мезгілімен сипатталады. Катонқарағай ауданының аумағы төрт климаттық алқабқа бөлінеді:
– Биік таулы аймақ (тундралық-шалғындық);
– Орманды-таулы аймақ (ылғалды);
– Таулы, орманды дала аймағы (ылғалды);
– Тау-түздік аймағы.
Орманды-таулы және биік таулы аймақта ауа райы ылғалды, суық, кейбір алқаптарда өте суық болып келеді. Аймақтың солтүстік жағы жыл бойы 550-560 мм жауын-шашынды болады, ал шілде айы жауын-шашынды болып келеді. Орта айлық есепбен желдің жылдамдығы жыл бойына 1,7м/сек құрайды. Жыл бойғы желді күндердің саны 7, ал боранды жел 10 күнді құрайды.

Тарих

Катонқарағай ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Поздняковка болыстардың бөлігінен, Бухтырма уездінен және Зайсан шекаралык уездінен курылған. (1928 ж.3 қыркүйекте бекітілді).
Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің төралқасының Жарлығымен 1963 жылы 2 қаңтарда аудан тарқатылып, аумақ Большенарым ауданының құрамына енді.
Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің төралқасының Жарлығымен 1970 жылы 4 желтоқсанынан бастап Катонқарағай ауданы құрылды орталығы Катонқарағай ауылы.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 1997 жылы 23 мамырынан аудан құрамы таратылып Большенарым ауданның аумағына кірді, орталығы Большенарым ауылы болды.
Шығыс Қазақстан облыстық маслихата 2009 жылдың № 16 қазанынан № 15/205-IV шешімімен Катонқарағай ауданында елдімекен қатары және ауылдық округтер атауы қайта өзгертіліп Большенарымское ауылы Үлкен Нарын болып өзгертілді.

Аумағы

Ауданның аумағы 13,2 мың шаршы километрге тең (ШҚО–ның аумаағынан 4,6 % құрайды). Ауданда 13 ауылдық округтер, 51 ауылдық елдімекен бар.
Экономиканың негізгі бағыттары: ауыл шаруашылық өндірісі, орман шаруашылығы, ағаш өңдеу. Ауданның және барлық Шығыс Қазақстанның біртүрлі брендтермен экономикасы омарта шарушылығы, марал шарушылығы және туризм болып табылады.
Катонқарағай ауданы – табиғаты ерекше өйткені Қазақстанның шекарасы Ресей, Қытай және Монголиямен шектеліп жатқан жерінде орналасқан. Аққайран көлі, Кокколь, Арасан сарқырамасы, Берел қорғаны, ескі Австриялық жолы, Белуха мұзтауы, ерекше бастауы барлық Қазақстанның көрікті орындары болып табылады.
2001 жылы 17 шілдеде Катонқарағай ең ірі ұлттық табиғи саябақ құрылды. Алтай – түрікі тілдес мәдениетінің бесігі. 1998 жылы мында теңіз деңгейінен 1200 м. биіктікте Бұқтырмалар өзенінің жазығында сақ хандығының қорғаны табылды, б.э.дейін IV ғасырда Қазақстанда Берел қорғаны – ерекше археологиялық ескерткіш (30 қорған), анықталмаған.

Шекаралар

Катонқарағай ауданы Қытай мен Ресей мемлекеттерінің  шекарасымен шектелген аймақта орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының солүстік-шығысында орналасқан, Зырян, Курчум және Көкпекті ауданымен шектеледі.

Халқы

Аудан тұрғындарының сандық құрамы – 24007 адамды құрайды. Еңбекке жарамды тұрғындар 13683, жұмыссыз тұрғындар 633 адам. 

Инфраструктура

Аудан бойынша мектеп саны – 42,
мектеп алды интернат – 3,
балалар музыка мектебі – 2,
жас турист станциясы – 1,
түзету кабинеті – 1,
агротехникалық колледж – 1.
Ауданда жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі балалар ұйымы – 37,
сонымен қатар ұсақ орталықтар – 28,
бала бақша – 9.
Ауданда АҚ «Казпочта» бөлімі жұмыс істейді, 17 орнықты, 2 ауыспалы.
Ауданда барлық 42 мәдениет орталығы, оның ішінде 2 мәдениет үйі, 23 клуб, 18 кітапхана, 1 Шыңғыстай аулында Оралхан Бөкейдің мұражай үйі, 1 Улкен Нарын ауылында орналасқан өлкенітану тарихи мұражай.
Денсауықтыру комплексі жұмыс істеп тұр – 1, денешынықтыру залы – 26.
Аудан дәрігерлік ұйым жүйесімен толық қамтылған 2 емхана ұйымы жұмыс істеп тұр (КМҚК Катонқарағай ауданының және КМК Катонқарағай ауданының аудан аралық ауруханасы), ауылдық аурухана, 6 ЖЖКП, 6 емхана амбулаториясы. 35 аудан тұрғындарына дәрігерлік көмекке дейінгі ауруханалық көмек көрсету пунктері бар.

Өндіріс

Аудан экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешенінің маңызы өте зор орын алады.  Ауданның  агроөнеркәсіп саласы 1436 шаруа қожалықтарын, 51 жауапкерлігі шектеулі серіктсетіктерін, 11 ауыл шаруашылық кооперативтерін және 6 мыңға жуық жеке қосалқы шаруашылықтарын біріктіріп отыр. Сүт бағытындағы ірі қара шаруашылықтарын дамыту мақсатында,  ауданда  1 ауыл шаруашылық кооперативі, 2 сүт қабылдау пункттері құрылып, жұмыс істейді. Мал тұқымын түрлендіру бағдарламасына сай 2017 жылы 130 бас  асыл тұқымды бұқалар алынып, селекциялық-асылдандыру жұмыстары жалғасын тапты. Ауданның мал шаруашылығындағы бетке ұстар салалары - марал   мен ара шаруашылықтарын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді. Ауданда  12 ауыл шаруашылық кооперативтер құрылып, оларға 982 ұсақ және  жеке шаруашылықтар тартылды. Ауданның ауыл шаруашылығының қосалқы саласы-  өсімдік шаруашылығы  белгілі бір  табыстарға жетті. Ауданның шаруашылықтары 2017 жылы жалпы құны 754 млн теңгені құрайтын 46 заманауй  ауыл шаруашылық техникалар сатып алды. Мемлекеттік бағдарламаларға сай, ауданның шаруашылықтары 2017 жылы     401,8 млн   теңгенің субсидиясын алды.

Катонқарағай ауданының аумағында өндірісіпен айналысады:
– «Ердар» ЖШС-гі асфальт өндірісі сағатына 40 тонна өндіреді;

– Шлакоблок өндіреді: «Нарын-Сервис» ЖШС, «Исатай» ЖШС, Исабаев Дәулетбек;

– Тәулігіне 3 тонна табиғи май өндіріп шығаратын 5 өнеркәсіп жұмыс істейді;
– Панты өнімдерін өндіретін 3 кәсіпорын бар: «Ақсу- Дэен» ЖШС, «Бүркіт Шыңы» ЖШС, «Олений Прак» ШҚ;

– Нан тоқаш өнімдерін өндіретін 5 наубайхана бар: ЖК«Киманов Бакытжан», ЖК «Кажкенева Баян», ЖК «Салешова  Саулетай», ЖК «Тогсаева Бакытгуль», ЖК Кышкашпаева Самиля
– 4 Жиһаз жинау кәсіпорны бар.
        Аудан экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешенінің маңызы өте зор орын алады, едәуір экономикалық әлуетті алады. Аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және сатылымдағы қауіпсіздік деңгейінің дәрежесі ауданның дамуын анықтайды.

Жер ресурстары

Аудан әкімшілігінің шекаралық аумағы 1 317437 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер – 312247,43 га, елді мекен жерлері – 46341 га, өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер - 1657 га, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 643513 га, орман қорының жері – 87780 га, су қорының жері – 17464 га, босалқы жерлер – 208435 га.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер – 309891,44 га, оның ішінде егістігі – 62147,43 га, шабындық – 37860,08 га, жайылым – 209883,93 га.
Шаруа қожалығына берілген жерлер – 185626,33 га.
Мемлекеттік емес заңды тұлғаларға – 101309,1 га.
Мемлекеттік заңды тұлғаларға – 25312,0 га.

Еңбек ресурстары

01.01.2018 жылы еңбек нарығында тіркелген жұмыссыздар саны 78 адамды құрады (2016 жылдың кезеңіне сәйкес 85.7%). Тіркелген жұмыссыздар саны экономикалық белсенді тұрғындардың санынан 0,7 %  құрады. 914 жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмысқа орналасу мәселесімен 1380 адам жүгінді, 1081 жұмыссыздар жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 264 адам қатысты.
         2017 жылдың 1 қаңтарында  облыстық статистика басқармасының экономикалық белсенді тұрғындардың саны 11671 адам немесе жалпы тұрғындардың санынан 48,3 %  құрады.
Жұмыспен қамтылғандардың саны – 11038 адам немесе жалпы тұрғындардың  санынан 45,7% құрады.
Жұмыссыздар – 633 адам (2,6%)

Кадрлар әлеуеті

Аудан аймағында «Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі» КММ жұмыс істеп тұр. Онда мынандай мамандар даярланады.
– «Омарташы» – 14 студент;
– «Аспазшы» – 13 студент;
– «Газбен электродәнекерлеуші» – 31 студент;
– «Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі» – 55 студент;
– «Электромонтер» – 18 студент;
– «Ветеринарлық техник» – 19 студент. 

Инвестициялық әлеует

         2017 жылғы 1 қарашадағы көрсеткіш бойынша негізгі капиталға 2178,2 млн. теңге  инвестициялар түсті,  өткен жылдың деңгейіне қарағанда өсу қарқыны 178,9 %, физикалық көлем индексі 167,4  % - ды құрайды (1.11.2016 ж- 1217,6 млн.тенге)
   11 айға 2888,9 млн. теңге  инвестиция түседі деп күтілуде, 2016 жылғы тиісті кезеңдегі 222,7 %, физикалық көлем индексі 205,5%,(2016 жылдың 11 айында 1297,3 млн. теңге)

Кадрлар ресурстарында қажетсіну

Катонқарағай ауданы бойынша 2016 жылдың 1 қыркүйекке мынадай мамандарға сұраныс бар:
– Мұғалім (физика-2, химия,тарих, орыс тілі және әдебиет, математика, биология, география) – 9 бірлік;
– лаборант-1бірлік;

-оператор-1бірлік;

-мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі-1 бірлік;

-кітапханашы-1 бірлік;

-инспектор-1 бірлік;

-мемлекеттік қызметкерлер -19 бірлік

Туристік әлеует

Аудандағы  туристік саланың негізін  емдік- сауықтыру, экологиялық, ауылдық, әлеуметтік, мәдени-танымдық  және белсенді туризм құрайды.

Ауданда туристер мен демалушыларға қызмет көрсетеді –шипажайлар (Рахман Қайнары), 12 пантамен емдеу орталықтары, 5 қонақ үй 12 шағын қонақ үйлер, 12 дәмхана, 4 мейрамхана, 19 халыққа  тұрмыстық қызмет көрсету объектілері, 9 ЖҚС, 252 сауда орындары, 3 базар, бал өнімдері мен пантаны  қайта өңдейтін  1 фармацевтикалық цехы  (АҚ «Ақсу ДЭЕН) , бал өнімдерін қайта өңдейтін 2 цех («Қасенов» ШҚ, «Нектар Катон-Карағай» ӘКК)  , 2 автобекет, 1 паром (маусымдық). Ауданның шипажайлары мен пантамен емдеу орталықтары  сыйымдылығы күніне 900 орындық 95 номерден тұрады. Кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен жүргізіліп жатқан  жол бойындағы сервисті дамыту жобалары қарқынды дамуда соның нәтижесінде қосымша жұмыс орындары ашылып, аудан бюджетіне қаражат түседі. 

        Ауданда Берел қорымдары, Көккөл кеніші, Рахман қайнарлары, Көккөл, Арасан, Қараайрық, Рахман сарқырамалары, Рахман, Қаракөл, Үшкөл, Марал, Қаумыш, Шәнген сынды көлдері, тарихта терістіктегі Алтын Тармақ деген атпен қалған Ұлы Жібек жолының Сол түстік тармағы, өзіндік ерекшелігімен тарихи құндылыққа ие Австриялық және т. б. тамаша жерлер бар.

    Соңғы уақытта туризмнің ауылдық туризм, белсенді туризм сияқты түрлері ерекше танымал (қонақ үйлерге орналастыру,  ұлттық  және кәдесый өнімдерін шығару).

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 шілдедегі №970-ші Қаулысына сәйкес, еліміздің құрып бара жатқан орман байлығын, қызыл кітапқа енген бағалы құс-жануарларды қанатының астына алып қорғау, өлшеусіз кесіліп, ұрланып жатқан ағаштарды күзету мақсатында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. Қазіргі таңда елімізде 12 мемлекеттік ұлттық парк бар болса соның ішінде ірісі мен бірегейі Катонқарағай ұлттық табиғи паркі, оның жалпы ауданы 643 мың 477 гектарды құрайды.

       Катонқарағай МҰТП-де туристер көптеп баратын  жерлерде бекітілген 13 маршрут-соқпақ бар. Жалпы ұзындығы 673 км:

1 бағыт – «Ақ Берел» 
2 бағыт – «Алтай соқпақтарымен»
3 бағыт – «Көлді»
4 бағыт – «Марал соқпақтарымен»
5 бағыт – «Тихое көліне»
6 бағыт – «Бұландыкөл көліне»
7 бағыт - «Туған өлке» 
8 бағыт - «Берел қорғандарына»
9 бағыт – «Сарымсақты»

10 бағыт- «Тасшоқы»

11 бағыт- «Орман жолдары»

12 бағыт- «Ирек»

13 бағыт- «Бүркітауыл»

           Катонқарағай МҰТП-нің ең маңызды оқиғасы «Большой Алтай» Траншекаралық биосфералық резерватына кіруі болды. Маусым айында Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Халықаралық үйлестіру кеңесінің отырысында, Катонқарағай МҰТП базасында Трансшекаралық биосфералық резерват құруға байланысты ҚР мен РФ-ның бірлескен өтінімі мақұлданды.

      Катонқарағай ауданы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуда белсенділік танытты.  Көрме басталғаннан бастап 3000-нан астам аудан тұрғындары көрмеге барды.

        EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде «EXPO-2017» қонақтары мен қатысушылары үшін Қазақстанның қалаларына, курорттық және тарихи орындарына 73 туристік бағыт (маршрут) бекітілген, олардың арасында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің рекреациялық-танымдық соқпағы «Ақ Берел» бағыты (маршруты) кірді. Осы уақыт аралығында ауданның туристік орындарына 200-ден астам адам, яғни көрме қонақтары мен қатысушылары келді. Оларды «Вояж» туристік фирмасы мен Катонқарғай МҰТП-нің гид-жолсеріктері алып жүрді.

       Соңғы жылдары  мәдени- танымдық туризм  үлкен өріс алуда. Жыл сайын мыңдаған туристер Бұқтырма өзені алқабынан орын алған  ғылыми ортада  «Патшалар жазығы»  аталатын теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте  орналасқан 70-ке жуық қорғандарды қамтыйтын  ашық аспан астындағы Берел мұражайы сияқты тарихи және мәдени орындарға көптеп баруда. Б.з.д IV – III ғғ. жататын  Берел қорғандары өзінің жер үсті сәулет өнері мен қорғандардың  қабір ішіндегі конструкцияларының ерекшелігі және өте көркем бұйымдарға, ат әбзелдері, көшпелі элита қоғамының  жоғары  өкілдерінің  заттары мен  жерленген киімдерінің ерекшелігімен дүние жүзіне танымал болды. 2016 ж "Берел қорғандарында" №2 қорғанда Облыс әкімі Ахметов Даниял Кенжетайұлы және«Элхон» ЖШС басшысы Тумашинов Лұқбек Шабданұлының бастамасымен "Ашық аспан астындағы мұражайдың" шыны Саркофагы салынды. 2017 жылы №5 қорғанда тағы бір шыны Саркофактың құрылысы салынып басталды.

       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылы Шыңғыстай ауылында «Элхон» ЖШС басшысы Тумашинов Лұқбек Шабданұлының бастамасымен Әбдікерім Ережепұлының мектеп-мұражайы жаңғыртылды. Мектеп 1907 жылы болыс Әбдікерім Ережепұлының  бастамасымен салынған. Бұл мектепте әртүрлі уақыттарда Сұлтанмахмұт Торайғыров, Оралхан Бөкеев сияқты ағартушылар жұмыс істеген. Жобаның құны 100 млн теңге.

Аудандық статистика бөлімінің көрсеткіштеріне сүйенсек , келген туристер саны 2017 жылы қарағанда 2 есеге артқан, яғни ауданға 5107 турист келген.