Қазақстан ірі Ляонин провинциясымен іскерлік байланыс орнатуда
Қазақстан солтүстік-шығыс Қытайдың ірі провинциясымен іскерлік байланыс орнатуда. Инвестиция тарту жөніндегі отандық ұлттық компания Ляонин провинциясының үшінші Халықаралық инвестициялық-сауда жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Оны ҚХР Коммерция министрлігі Халықаралық сауданы дамыту комитетімен бірлесіп жүргізеді. Биыл ғана іс-шара аясында 500 млрд. юаньға келісім-шарттарға қол қою жоспарлануда.
Дәстүр бойынша жәрмеңкеге Жапония мен Оңтүстік Кореяның ірі бизнесі қатысады. Биыл алғаш рет Қазақстан өкілдері шақырылды. Көрме залында таныстыру ақпараты бар біздің компаниялардың павильоны орнатылды.
Келушілерге Қазақстан өңірлерінің инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Ляонин провинциясы халық саны бойынша Қытайда 14-ші орында, ал ЖІӨ өткен жылы 400 миллиард долларға жақындады. Онда ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, соның ішінде автомобильдер өндірісі, алюминий және химиялық өнімдер, кеме жасау, ауыл шаруашылығы салаларының кәсіпорындары орналасқан. Қазақстандық өкілдер олардың кейбірімен кездесті.
Чжоу Ягуан, Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының директоры, Ляонин ауылшаруашылық ғылымдары институты, ҚХР:
– Өзінің бірегей географиялық орналасуына байланысты Қазақстан біздің кейбір өңірлерімізге ұқсас болып келеді. Мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығындағы, оның ішінде жартылай құрғақ аймақтардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары өте кең. Мысалы, біздің институттың мақтанышы, өрік, мақта, гаолян сияқты дақылдар Шыңжаңда эксперименттік түрде өсіріледі. Ұқсас климатты ескере отырып, Қазақстанмен де ынтымақтастық орнатуға болар еді. Біз сондай ақ Қазақстанның ауыл шаруашылығын зерттеу құрылымдарымен бірге ынтымақтастық құрамыз және дамытамыз деп үміттенеміз.