• Мобильді үстемені жүктеу

600-ден астам ірі шетелдік компаниялар жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты

Астана, 2022 жылғы 19 қазан - Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2022) жыл сайынғы инвестициялық іс-шарасы Астанадағы өз алаңында Қазақстан Үкіметі пандемия кезеңінде және ағымдағы геосаяси жағдайды ескере отырып, елеулі жұмыс жүргізген жаңа өндірістер мен қызметтерді құру үшін Қазақстанға келген ірі шетелдік компаниялардың басшыларын біріктірді.

Панельдік сессиялар шеңберінде әлемдік экономиканы дамытудың негізгі тенденциялары талқыланды, сондай-ақ шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанға инвестициялар тарту мүмкіндіктері қаралды. Маңызды тақырыптардың қатарында ағымдағы экономика жағдайында жаңа логистикалық шындыққа бейімделу, азық-түлік қауіпсіздігін және өсудің жаңа көздерін қамтамасыз ету үшін АӨК-ке инвестициялар қозғалды.

 «Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы бойынша әлемде 6-шы орында, мұнда жердің 80%-дан астамы (220 млн.га) өндіріс үшін пайдаланылады және біздің елімізге бұл бағыттағы АӨК саласындағы халықаралық тәжірибе мен жобалар өте қызықты. Логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына келетін болсақ, біздің еліміз Орталық Азиядағы ең ірі транзиттік торап болып табылады. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ, Орталық Азия және Қытай елдерін қоса алғанда, миллиардтан астам тұтынушылардың нарығына тікелей қол жеткізе алады. Біздің еліміз мультимодальды логистика мүмкіндіктерін ұсына отырып, ірі нарықтарға шлюз болуға барлық мүмкіндіктерге ие», - деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров дөңгелек үстелге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде.

«Біз Қазақстанның жақын арада бүкіл Орталық Азия өңірін азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша жоғары деңгейге шығатынына сенімдіміз», - деп атап өтті KGIR-2022 панельдік пікірталастарының бірінде «Ingeser Ingenieria Arquitectura Y Consultoria» компаниясының Бас директоры Игнасио Дусиет Мингот.

Логистика бойынша панельдік сессияда «S Sistem Lojistik» Басқарма төрағасы Хусейн Барлин компанияның Орал, Алматы және Ақтау қалаларында кеңселерін ашу ниеті туралы мәлімдеді. «Alstom» компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия (AMECA) аймағы бойынша президенті Эндрю Делеони Қазақстанмен 10 жылдан астам ынтымақтастық кезеңінде компания ел экономикасына 125 млн еуродан астам инвестиция салғанын және болашақта инвестиция көлемін ұлғайтуға ниетті екенін айтты.

Инвестициялық форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды. Жобаларды іске асыру металлургия, мұнай химиясы, газ өңдеу, көлік, логистика, құрылыс материалдары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндіру, инфрақұрылым құрылысы және фармацевтика сияқты салаларда жоспарлануда. Бұл ретте, 25 жобаның 5-і Ақтөбе облысында іске асырылатын болады - өңірде транс-логистикалық хаб, онкологиялық ауруларды емдеуге арналған ядролық орталық, құбырларды тазарту кәсіпорны және металл мен битум өндіру зауыты салынады.

Елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру Үкіметтің басты міндеттерінің бірі болып қала береді. Қазақстан шетелдік инвестициялар ағыны бойынша Орталық Азия мемлекеттері арасында инвестициялық магнит болып табылады. Қазірдің өзінде біздің еліміз өңірге барлық инвестициялардың 70%. тартады. Инвестициялық экожүйені одан әрі жақсарту үшін Үкімет инвестициялық саясаттың 2026 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасын қабылдады.

Свыше 600 крупных зарубежных компаний стали участниками казахстанского круглого стола по глобальным инвестициям (www.gov.kz)