• Мобильді үстемені жүктеу

Нидерланды делегациясының сапары: 450 миллион еуро сомасына жаңа жобалар

Астанада Нидерланды компаниялары делегациясының қатысуымен «Қазақстан-Нидерланды инвестициялық дөңгелек үстелі» өтті. ҚР СІМ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Нидерландыдағы ҚР Елшілігі ұйымдастырған іс-шараға 100-ден астам делегат қатысты.

Қазақстан мен Нидерланды арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Нидерландыдан инвестициялар ағыны 2011 жылдан бері $23,7 млрд құрады, оның үстіне «қызғалдақтар елі» ұзақ жылдар бойы қазақстандық инвесторлар арасында көшбасшы орынды сақтауда.

Дөңгелек үстел екі елдің елшілері құттықтау сөздерімен ашты. Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі Асқар Жұмағалиев атап өткендей, пандемиядан кейін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүкіл әлем үшін бірінші кезектегі міндет болып табылады. Өз кезегінде Нидерландының Қазақстандағы Елшісі Андре Карстенс бұл іс-шара экономикалардың өзара дамуын қамтамасыз етуге, жұмыс үшін жағдайларды әртараптандыруға және жеңілдетуге, сондай-ақ кооперация үшін екі елдің бизнесі үшін жақсы жағдайлар жасауға айтарлықтай үлес қосуы тиіс екенін айтты.

Дөңгелек үстел аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай сөз сөйлеп, АӨК саласындағы қатынастарды кеңейту үшін зор әлеуетті атап өтті және Нидерланды АШМ-нің арнайы өкілі Фредерик Воссенар шағын аумаққа ие бола отырып, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік экспорты бойынша әлемде 2 орын алатын Нидерланд фермерлерінің табыс тарихы туралы айтты.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында презентация жасап, Нидерландылық компаниялардың портфолиосын Энергетика секторынан тамақ өнімдерін өндіру, машина жасау, фармацевтика және т.б. сияқты қайта өңдеу салаларына қарай әртараптандыруға мүдделілігін атап өтті. Айта кетейік, Нидерланды Қазақстан экономикасына ірі инвесторлардың бірі болып табылады. 2021 жылы Корольдіктен біздің елге инвестициялар ағыны $6,9 млрд құрады.

«UPOV» Бас хатшысының орынбасары Питер Баттонның айтуынша, Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одақ (UPOV) қатарына Қазақстанның қосылуы ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің тиімділігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді. Баттон мырза Одақ Қазақстанды өз қатарына қабылдауға және тәжірибе, жаңа технологиялар мен білім алмасудың арқасында бүкіл ел бойынша фермерлік шаруашылықтарды жоғары деңгейге шығаруға дайын екендігіне сендірді.

«Philips» Вице-президенті Ян-Виллем Схейгронд  өз сөзінде Қазақстанның бүкіл ел халқы үшін сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге ұмтылысын атап өтті. Осылайша, компанияның Қазақстандағы 25 жылдық жұмысында ол Үкіметтің осы бағыттағы үдемелі қозғалысын атап өтті, бұл, әрине, өмір сүру ұзақтығы сияқты маңызды факторға әсер етеді. Ол қазақстандық әріптестерімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді. Жауап сөзінде «СҚ Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Ерхат Есқалиев медициналық орталықтарды орталықтандыру бағдарламасы аясында Philips компаниясымен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою Қазақстандағы медицинаны жақсартудағы маңызды қадам болатынын және медицинаны цифрландыру саласында тәжірибе алмасу алаңын құратынын айтты.

«Dutch Clean Tech» Президенті Сандер Пилкенруд ауыз суды тазарту саласындағы жобаларды іске асырудың дайындығы туралы айтып берді. Оның айтуынша, олар бүкіл әлем бойынша 1000-нан астам жобаны жүзеге асырған және осы тәжірибені Қазақстанда да пайдалануға дайын.

Негізгі сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар жалпы сомасы 450 млн еуродан асатын құжаттарға қол қоюға көшті.

Мәселен, «Lely Group» және «БИК» Павлодар облысында автоматтандырылған сүт фермасын құру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«Philips» пен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасында денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Сонымен қатар, KAZAKH INVEST Қазақстанда «Dutch Clean Tech» компаниясымен кәріздік тазарту қондырғыларын салу жобасын іске асыру бойынша меморандумға қол қойды.

«Rijk Zwaan» және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты»  ШЖҚ РМК тұқым шаруашылығы бойынша бірлескен жұмыс туралы Келісімге қол қойды.

Сондай-ақ, Нидерланды Корольдігінің Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Дөңгелек үстел «Мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ет және сүт өндіру, ветеринария» және «Жылыжай секторын дамыту» панельдік сессияларында жалғасын тапты. Панельдік пікірталас барысында АӨК секторын дамыту, жаңа технологиялар және оларды Қазақстанда қолдану мүмкіндігі мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел «Тұқым шаруашылығын дамыту бойынша UPOV және NAKTUINBOUW» семинарымен және қатар екіжақты кездесулермен аяқталды.

Инвестируйте в Казахстан - Пресс-релизы (invest.gov.kz)