• Мобильді үстемені жүктеу

ШҚО-да мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасында инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинарды Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің алаңында KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы ұйымдастырды.

Қазақстандық бизнес-қоғамдастық, ӘКК, жергілікті атқарушы органдар, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды және Жетісу облыстарының АЭА басқарушы компанияларының өкілдері үшін KAZAKH INVEST, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «Qaztrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «DAMU» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ және «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметкерлері баяндама жасады.

Кездесу барысында қатысушыларға инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың қолда бар шаралары, жеңілдіктер мен преференциялардың кең спектрі, инвестициялық омбудсмен шеңберінде инвесторларды қолдау тетіктері және т.б. туралы толық ақпарат ұсынылды.

KAZAKH INVEST  Өңірлік блогының кураторы Айнұр Әбдуахитова өзінің құттықтау сөзінде ҚР шет елдердегі мекемелерін, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қамтитын инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесі туралы айтты. KAZAKH INVEST өз жұмысының барлық кезеңдерінде шетелдік бизнеске ғана емес, қазақстандық жоба бастамашыларына да қолдау көрсететіні атап өтілді.

«Біздің заңнамамыз инвесторларды ішкі және сыртқы деп бөлмейді. Қолдау барлығына бірдей көрсетіледі. «KAZAKH INVEST» командасы инвесторларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеумен айналысады», - деп атап өтті Айнұр Әбдуахитова.

Сонымен қатар, KAZAKH INVEST «Бір терезе» тобының жетекшісі Әйгерім Қойлақова кездесуге қатысушыларға ақпараттық және заңдық сүйемелдеуді, инвестициялық келісім-шарт жасасуды және келіссөздерді ұйымдастыруды қамтитын сервистік қолдау жүйесінің функционалы туралы айтып берді. Инвестициялар туралы келісім, сондай-ақ салық несиесі сияқты инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары егжей-тегжейлі баяндалды.

Сервистік қолдау департаментінің қызметкерлері KAZAKH INVEST өңірлік өкілдігі орналасқан «Investorlar Uii» инвестицияларды тарту жөніндегі өңірлік фронт-офис жұмысының барысымен танысты.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына сапар аясында KAZAKH INVEST сүйемелдейтін инвестициялық жобалардың өндірістік алаңдарына, оның ішінде «Altyn Shygys» және «Altai mai» май экстракциялық зауыттарына, сондай-ақ «Sharcem» цемент зауытына бару өтті.

Инвестируйте в Казахстан - Пресс-релизы (invest.gov.kz)