• Мобильді үстемені жүктеу

Әлихан Смайылов: «Kazakh Invest» алдында Қазақстан экономикасына ірі корпорацияларды тарту бойынша маңызды міндет тұр

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда компанияның даму жоспарын іске асыру нәтижелері және бірқатар ұйымдастыру мәселелері қаралды.

«Kazakh Invest» Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов өткен жылы компания дамудың барлық көрсеткіштерін, оның ішінде қаржылық бөлігі мен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша барлық көрсеткіштерді орындай алғанын айтты.

Ағымдағы жылы «Kazakh Invest» қолдауымен жалпы сомасы 6 млрд доллардан асатын 45-ке жуық жобаны іске асыру және пайдалануға беру жоспарлануда.

Премьер-Министр шетелдік инвестициялар үшін жаһандық күрес жағдайында «Kazakh Invest» алдында Қазақстан экономикасына ірі корпорацияларды тарту және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша маңызды міндет тұрғанын атап өтті.

«Бұл бағытта барлық қолда бар құралдарды пайдалану және шетелдік инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізу қажет. Бұл үшін Үкімет тарапынан барлық жағдай жасалған», - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, отырыста компанияның 2018-2027 жылдарға арналған даму стратегиясына оны ҚР инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес келтіру үшін өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Мәселен, Тұжырымдамаға сәйкес жыл сайын шамамен $25 млрд тікелей шетелдік инвестициялар ағынын қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Алихан Смаилов: Перед «Kazakh Invest» стоит важная задача по привлечению крупных корпораций в экономику Казахстана - Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан (primeminister.kz)