ШҚО кәсіпкерлерінің назарына
2022 жылғы 3-7 қазан аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі - АХҚО) «Халықаралық инвесторлар аптасы» (World Investor Week-2022 – WIW-2022) өтеді.
Жыл сайын Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының (бұдан әрі - ІОЅСО) қамқорлығымен өткізілетін Халықаралық инвесторлар аптасына әлемнің 100 елінің қаржы реттеушілері қатысады. IOSСО қор нарығының реттеушілерін біріктіретін халықаралық ұйым болып табылады. АХҚО-да WIW-2022 іс-шаралары вебинарлар және панельдік пікірталастар түрінде гибридті форматта өтеді. Іс-шараларда АХҚО сарапшылары, сондай-ақ қаржының түрлі салаларындағы шақырылған отандық және шетелдік сарапшылар спикер болады.
Іс-шаралардың негізгі мақсаттары:
- инвесторларды оқытуға және қорғауға жәрдемдесу;
- тұтынушыларды қорғау және инвестициялау тәуекелдері туралы хабардарлықты арттыру;
- саналы инвестициялау туралы ақпарат беру арқылы қаржылық білім беруге жәрдемдесу және қаржылық сауаттылықты арттыру;
- қаржы нарықтарындағы инновацияларды талқылау (бағдарлама жобасы қоса беріледі).
Толық ақпарат және іс-шараға тіркелу мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://aifc.kz/ru/events/2022-world-investor-week-in-aifc/.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласу: 8 (7172) 61 3767 - Сәуле Талғатова.
Программа Международной недели инвесторов 2022 г. в МФЦА