ШҚО кәсіпкерлерінің назарына
2022 жылғы 13 мамырда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевтың Тәжікстан Республикасына ресми сапары өтті.
Сапар барысында мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы мәселелерді шешуге екі ел депутаттарының жәрдемдесуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ, Тәжікстанның бизнес-қоғамдастығының өкілдері қазақстандық инвесторларды тарту мақсатында бірқатар перспективалы инвестициялық жобаларды ұсынды. Олардың арасында логистикалық хаб құру, «Акархар» бор және «Икар» алтын кен орындарын игеру, шыны ыдыс, сондай-ақ шырын мен шірне өндіру бар.
Қазақстан- Тәжікстан стратегиялық әріптестігін дамыту мақсатында жобалардың бастамашылары жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру үшін Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен ынтымақтастыққа мүдделі. Толық ақпарат алу үшін 8-7232-71-32-68 телефонына хабарласыңыз.