• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST Дүниежүзілік инвестициялық конференцияға қатысты

Ағымдағы жылғы 12-14 қыркүйекте Женевада Инвестицияларды ілгерілету жөніндегі агенттіктердің дүниежүзілік қауымдастығы (WAIPA) ұйымдастырған Дүниежүзілік инвестициялық конференция (WIC) өтті. Іс-шараға әлемнің 100-ден астам елінен 400-ден астам қатысушы жиналды.

Биыл WAIPA-ның 26-шы флагмандық конференциясы «Инвестицияларды ілгерілету агенттіктері тікелей шетелдік инвестициялардың болашағын қалыптастырады» тақырыбымен өтті. Конференция аясында цифрландыру, тұрақты инвестициялар, әлемдік трендтер, ESG, ЖЭК, жаһандық өндірістік-өткізу тізбектері бойынша панельдік сессиялар өтті. Конференцияда халықаралық ұйымдардың басшылары, қаржы институттарының басшылары, жетекші саяси қайраткерлер, жеке сектор өкілдері, трансұлттық корпорациялардың басшылары, экономистер мен сарапшылар баяндама жасады.

Қатысушылар инвестициялар тарту мәселелеріндегі негізгі жаһандық проблемалар мен сын-тегеуріндер бойынша пікірталас өткізуге және тәжірибе алмасуға, бизнес пен серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер жасау мақсатында осы проблемалардың практикалық шешімдерін білуге және табуға мүмкіндік алды.

Бұдан басқа, инвестицияларды ілгерілету жөніндегі агенттіктердің әлеуетін арттыру мақсатында инвестицияларды ілгерілетумен айналысатын қызметкерлер үшін инвестицияларды тарту бойынша олардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін инвесторлардың қажеттіліктеріне қатысты семинарлар сериясы өткізілді.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ шетелдік өкілі Сәкен Олжабаев инвестицияларды тартудың өзекті мәселелері мен трендтерін, сондай-ақ оларды тарту процесінде жаңа тәсілдерді талқылауға белсенді қатысты.

Сонымен қатар, UNCTAD, WAIPA, AZPROMO, Invest India және іс-шараның басқа да қатысушыларымен институционалдық ынтымақтастық мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Анықтама:

Инвестицияларды ілгерілету жөніндегі агенттіктердің дүниежүзілік қауымдастығы (WAIPA) 1995 жылы Швейцария заңнамасына сәйкес құрылды. Қауымдастық Женевада үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелген. WAIPA кең ауқымды қызметінің арқасында инвестицияларды ілгерілету агенттіктеріне (IPA) байланыс орнатуға, инвестицияларды ілгерілету саласында озық тәжірибемен алмасуға, ақпарат жинау жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қауымдастыққа Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің түрлі елдерінен 120-дан астам агенттік кіреді. 

 Инвестируйте в Казахстан - Пресс-релизы (invest.gov.kz)