• Мобильді үстемені жүктеу

Мемлекет басшысы ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысының ағымдағы нәтижелері, сондай-ақ Президент маусым айында АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысында берген тапсырмалардың орындалуы туралы есепті тыңдады.

Орталық басқарушысы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, ХҚО-да әлемнің 65 елінен 1500-ден астам компания тіркелген. Тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі 6,9 млрд долларды құрайды.

Astana International Exchange (AIX) биржасы арқылы 321 млн доллардан астам акционерлік капитал және 2,1 млрд доллар борыштық капитал тартылды.

АХҚО соты мен Халықаралық арбитражды орталық жиынтығында 1200-ден астам дауды қарады.

Мемлекет басшысына сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) таяудағы есебінде АХҚО-ның салық режимі салық ашықтығының жаһандық стандарттарына сәйкес деп танылғаны жөнінде мәлімет берілді.

Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының еліміздің экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді іске асырудағы маңызды рөлін атап өтіп, шетелдік инвестицияларды тарту жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты..

Глава государства принял управляющего МФЦА Кайрата Келимбетова — Официальный сайт Президента Республики Казахстан (akorda.kz)