• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST пен Adani Group Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

 

Үндістанның ірі компанияларының бірі Adani Group өкілдерінің сапары аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-мен қорытынды кездесу өтті. Тараптар мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік және жеке сектор компанияларымен келіссөздер нәтижелерін талқылады. Adani Group ұлттық компанияға сапарды ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. KAZAKH INVEST-пен болған сапардың қорытындысы бойынша бірқатар салалардағы Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Adani Group арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Үнді делегациясының Қазақстанға сапары KAZAKH INVEST және Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Анықтама:

 

Adani Group — 1988 жылы Гаутам Адани мырза негізін қалаған, штаб-пәтері Ахмадабад қаласында орналасқан үнді конгломераты. Компанияның негізін қалаушы және иесі Гаутам Адани Forbes журналының бағалауы бойынша әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 4-ші орында.

 

2022 сәуірінде Топтың жалпы нарықтық капитализациясы $225 млрд-тан асты. Топтың жылдық кірісі $20 млрд-тан асады, 50-ден астам елде және штатта 23 000-нан астам қызметкер бар.

 

Adani Group энергетика, теңіз порттары мен логистика, тау-кен өнеркәсібі мен пайдалы қазбаларды өндіру, газ, сондай-ақ әуежайлар, деректерді өңдеу орталықтары және т. б. қамтитын 7 жария тіркелген компаниялардан тұрады.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakh-invest-i-adani-group-podpisali-memorandum-o-vzaimoponimanii/