• Мобильді үстемені жүктеу

Genertec және KAZAKH INVEST серіктестігі жаңа деңгейге көтерілуде

Қытай мемлекеттік конгломераты Қазақстан Республикасында кеңсе ашу арқылы Орталық Азия және ТМД елдерімен инвестициялық ынтымақтастықты ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Genertec International Holdings Co. Ltd.» вице-президенті У И «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғалимен кездесуде хабарлады.

«Genertec» компаниясы (жылдық айналымы – $25 млрд астам) машина жасау, фармацевтика, денсаулық сақтау және жаңартылатын энергия көздері сияқты салаларда жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі. Кездесу барысында қытай тарапынан қазақстандық нарықтың маңыздылығы атап өтілді, сондай-ақ жан-жақты қолдау көрсеткені үшін KAZAKH INVEST-ке алғыс айтылды.

«Біз Қазақстанда өңірлік өкілдікті ашуды шештік, өйткені біздің елге деген сеніміміз бар. KAZAKH INVEST компаниясымен сындарлы жұмыс тәжірибесі маңызды факторға айналды. Біздің компания Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде фармацевтика және денсаулық сақтау саласында көшбасшы орынға ие. Бұдан басқа, Машина жасау, ТМК және ЖЭК бағыттарын белсенді дамытудамыз. Біз KAZAKH INVEST алаңын Қазақстанда жобаларды іске асыру үшін неғұрлым белсенді пайдалануға ниеттіміз» - деп мәлімдеді У И.

Өз кезегінде Жандос Темірғали У Иға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, Қытай Қазақстанның негізгі инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Қазақстан жоғары технологиялық өндірістер мен жалпы қайта өңдеу секторын дамыту жобаларына үлкен көңіл бөледі. Қолайлы инвестициялық ахуалдың, табиғи ресурстардың және сыртқы нарықтарға қол жетімділіктің арқасында біздің еліміз экспортқа бағдарланған жаңа өндірістерді құру үшін кең мүмкіндіктерге ие. Сондай-ақ, біз сіздерді Қытайды Еуропа және Таяу Шығыспен байланыстыратын көліктік-логистикалық инфрақұрылым мен мультимодальдық тасымалдарды дамытуға қатысуға шақырамыз» - деп атап өтті Жандос Темірғали.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар KAZAKH INVEST «Genertec» үшін Қазақстан Республикасындағы  «инвестициялық гид» ретінде әрекет етеді деп келісті.

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/partnerstvo-genertec-i-kazakh-invest-vykhodit-na-novyy-uroven/