• Мобильді үстемені жүктеу

Әлихан Смайылов Парсы шығанағы елдерінің іскер топтарын Қазақстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстанға ресми сапармен келген Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің (ПШАМЫК) Бас хатшысы Найеф Фалах Мубарак Әл-Хаджрафпен кездесу өткізді.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық салалардағы, энергетика және агроөнеркәсіптік сектордағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

ҚР Премьер-Министрі Қазақстан ұйым елдерімен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

«Біз сауда және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетіне иеміз. Қазақстан барлық инвесторлар үшін қолайлы іскерлік ахуалды одан әрі қамтамасыз етуге дайын. Сондықтан, мүмкіндікті пайдалана отырып, Кеңес елдерінің іскер топтарын бірлескен жобаларды іске асыруға шақырғым келеді», - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Қазақстан Парсы шығанағы елдеріне жоғары сапалы ұн, майлы дақылдар және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын жеткізуді ұлғайтуға, сондай-ақ транзит саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту есебінен нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов мемлекетаралық байланыстарды одан әрі дамыту үшін Қазақстаннан Оман мен Бахрейнге тікелей рейстер ашуды қоса алғанда, ұшу географиясын кеңейту мәселесін пысықтау қажет екенін айтты.

Өз кезегінде Найеф Фалах Мубарак Әл-Хаджраф ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында Сауд Арабиясына жасаған сапары араб елдерімен қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосқанын атап өтті.

«Парсы шығанағы елдерінің Қазақстанға инвестиция салу бойынша үлкен жоспарлары бар. Ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарын айқындау үшін бірлескен бизнес-форумдар ұйымдастыру қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, біз энергетика, ауыл шаруашылығы және білім беру саласындағы серіктестікті дамытуға мүдделіміз», - деді ПШАМЫК бас хатшысы.

Алихан Смаилов призвал деловые круги стран Персидского залива к реализации совместных проектов с Казахстаном - Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан (primeminister.kz)