• Мобильді үстемені жүктеу

Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулында 797 жоба бар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстанда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы құрылды, деп хабарлайды KAZAKH INVEST баспасөз қызметі.

Пул жалпы сомасы шамамен 30 трлн теңге болатын әлемнің 30-дан астам елінен инвесторлардың қатысуымен 797 жобадан тұрады, сондай-ақ 130 мыңнан астам жұмыс орындарын құруды көздейді. Тізімге құны 500 млн теңгеден асатын экономиканың шикізаттық емес секторларындағы шетелдік және отандық инвесторлардың инвестициялық жобалары енгізіледі.

Барлық жобалар бойынша ақпарат «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, салалық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында орналастырылған. Жобалар бойынша ақпаратты жаңарту тоқсан сайынғы негізде жүргізілетін болады.

Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартады және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеуді жүзеге асырады. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ аймақтық және шетелдік өкілдердің кең желісіне ие бола отырып, «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды қолдау бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынады.

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/obshchenatsionalnyy-pul-investitsionnykh-proektov-naschityvaet-797-proektov/