• Мобильді үстемені жүктеу

ШҚО кәсіпкерлерінің назарына

2022 жылдың 17 тамызында Тәжікстан Республикасының Таулы Бадахшан автономиялық облысында «Помиринвест-2022» Халықаралық бизнес және инвестициялық форумы өтеді.

Форум аясында өндірістік және экспорттық әлеуетпен, Тәжікстан Республикасының Таулы Бадахшан автономиялық облысының жетістіктерімен және инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу, сондай-ақ елді индустрияландыруға байланысты төртінші стратегиялық мақсатты іске асыру жоспарланған.

Осыған байланысты, Тәжікстан тарабы Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктері мен ведомстволарын, ұйымдарын, кәсіпорындарын, сондай-ақ бизнес өкілдерін аталған Халықаралық Форумға қатысуға шақырады.

Форумның іс-шаралары туралы толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (7172) 98 36 69, +992 907 77 22 68, e-mail: info@investcom.tj