Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сүлейман Әл-Джазирді қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің басшысы Мұхаммад Сүлейман Аль-Джассермен экономиканың түрлі салаларындағы бірқатар бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы барысын талқылады.
Мемлекет басшысы Қазақстан ТМД елдері арасында Ислам даму банкімен бірінші болып серіктестік бағдарлама әзірлегенін айтып өтті. Алматы қаласында 25 жылдан астам уақыт бұрын орналасқан аймақтық кеңсе банктің Шығыс Еуропа, ТМД, Моңғолия және Қытай елдерінде жасалатын операцияларын үйлестіреді. Бұл Қазақстан мен Ислам Даму Банкі арасындағы сенімді қарым-қатынастардың жоғары маңыздылығын көрсетеді.
– Біз Банктің Қазақстан экономикасына көп жыл бойы көрсетіп отырған қолдауын жоғары бағалаймыз. Ынтымақтастық жылдарында Ислам даму банкі еліміздегі экономиканың басым салалары мен әлеуметтік жобаларға 1,6 миллиард доллардан астам инвестиция салды, - деді Мемлекет басшысы.
Әл-Джассер біздің Мемлекет басшысына Банктің инвестициялар саласындағы саясаты және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы айтты. Оның айтуынша, Ислам даму банкі бизнес, қаржы салаларындағы жобаларды іске асыруға, сондай-ақ инфрақұрылым мен коммуникацияларды жаңғыртуға қаражат салуды жалғастыруға ниет білдіріп отыр.