Жарма цемент зауытының өнімділігі жылына 1,2 млн. тоннаға дейін ает перевода]
Абай облысының Жарма ауданында жылдық өнімділікті 1,2 млн. тоннаға дейін арттыра отырып, цемент зауытын қалпына келтіру және жаңғырту жүргізілуде. Жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.
Ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 2021 жылы «International Cement Group» сингапурлық компаниясы Қазақстанда «Sharcem» ЖШС ашты (активтерінің 60% сингапурлық компанияға, қалған 40% - Қазақстан тарапына тиесілі). Кәсіпорын 7,1 млрд. теңгеге (шамамен $16 млн) Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жұмыс істемейтін цемент зауытын сатып алды (БҚ ескертпесі: 08.06.2022 жылдан бастап Абай облысы). Зауыт сол кезде «Қазақцемент» ЖШС-не тиесілі және «Қазақстанның Даму Банкінде» кепілде болған.
KAZAKH INVEST аймақтық өкілі Нартай Бейсековтың айтуынша, жоба «Индустрияландыру 4.0» стратегиясын іске асыруға, қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарының экспортын арттыруға және ішкі нарық пен Орта Азия елдерін жоғары сапа мен экологиялылыққа сәйкес келетін негізгі құрылыс материалымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жобаны іске асыру кезінде шығарындыларды жоғары деңгейде сүзу жүйелері мен шаң тұтқыш құрылғыларды қамтитын үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін озық технологиялар мен бірінші класты техникалық жарақтандыру қолданылады. Өндірістік процестерді басқару және бақылау үшін DCS зияткерлік жүйесін енгізу жоспарлануда. Кәсіпорын өнімінің негізгі түрі МемСТ 31108-2016 және МемСТ 10178-85 сәйкес маркалармен (М400, М450, М500) шығарылатын цемент болады.
«Жаңғыртылған кәсіпорын ескірген энергия шығындайтын «дымқыл» тәсілге қарағанда өндірістің алдыңғы қатарлы «құрғақ» тәсілін пайдаланатын болады, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтатын энергия тиімді шешімдер мен технологияларды қолданатын болады. Бұл ретте, цемент – бұл табиғи материал, оның құрамына саз, гипс, қиыршық тас, су сияқты табиғи компоненттер кіреді. Оның өндірісіне химиялық реактивтер де, металдар да тартылмаған», - деп атап өтті Нартай Бейсеков.
Жаңғыртуға инвестициялар көлемі жаңғырту кезеңінде 700, ал пайдалану кезеңінде – 300-ден астам жұмыс орнын құрумен 9 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорынды жаңғыртудың және пайдалануға берудің алдын ала аяқталу мерзімі 2022 жылдың үшінші тоқсаны. Өндіріс толық жобалық қуаттылыққа 2023 жылы шығады.
Сондай-ақ, Қазақстан-Сингапур кәсіпорны 2020 жылы Алматы облысында қуаттылығы жылына 1,2 млн. тонна жалғыз цемент зауытын салу жобасын іске асырғанын атап кеткен жөн. Инвестиция сомасы 47 млрд. теңгені құрады.
Анықтама:
International Cement Group - жетекші цемент өндірушісі Сингапур биржасының негізгі алаңында тіркелген. Компанияның негізгі қызметі - цемент өндіру, сату және тарату болып табылады.