• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан Түркі агрофорумына қатысты

Ташкентте Түркі Мемлекеттері Ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің түркі елдеріндегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі бірінші отырысы өтті.

Түркі мемлекеттері ұйымы - 5 мемлекет пен екі бақылаушы елді біріктіретін, жалпы халық саны 150 млн. астам адамды қамтитын халықаралық ұйым. Қалыптасқан экономикалық диалогтың, жолға қойылған өзара іс-қимыл процестерінің және сенім шараларын жүзеге асыру тетіктерінің арқасында ТМҰ жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге бірлесіп қарсы тұрудың тиімді құралы болу перспективасына ие.

Қазақстан мен ТМҰ мүшелері арасындағы сауда қатынастарының өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету үшін үлкен әлеуеті бар.

Пандемияға және ілеспе факторларға қарамастан, Қазақстанның АӨК өнімдерінің экспорты 2021 жылы $3,7 млрд. құрады. Бұл ретте барлық өнімнің шамамен 36% ($1,3 млрд.) ТМҰ елдеріне экспортталды. ҚР мен ТМҰ елдері арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 2021 жылы $1,79 млрд. құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,1%-ға артық ($1,533 млрд.).

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев өз сөзінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, төтенше жағдайларға ден қою шараларын қабылдаудың, сондай-ақ өзара азық-түлік жеткізудің тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан бүкіл Орталық Азия өңірінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі ел болып табылады, ол дәнді және майлы дақылдарды өндіру және экспорттау бойынша жетекші орынға ие. Географиялық орналасуын, бай жер ресурстарын, сондай-ақ қолайлы климаттық жағдайларды ескере отырып, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені болашақта әлемдегі азық-түлік жағдайын тұрақтандыру мен жақсартуда маңызды рөл атқара алады», - деді министр.

Сонымен қатар, сапар аясында KAZAKH INVEST жобалау департаменті директорының орынбасары Сәуле Сабыр Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды. Сондай-ақ, «Tat Gida» түрік компаниясының басшысы Еврен Албачпен қызанақты өңдеу бойынша жобаны құру мәселесі бойынша кездесу өткізілді. Қазіргі уақытта KAZAKH INVEST сүйемелдейтін жоба әзірленудің белсенді кезеңінде, қаржы институттарымен келіссөздер жүргізілуде.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakhstan-prinyal-uchastie-v-tyurkskom-agro-forume/