• Мобильді үстемені жүктеу

Үкіметте Қазақстанның 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілдіожидает перевода]

Үкіметтің кезекті отырысында ҚР инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы қаралып, бекітілді.

Тұжырымдамада көзделген негізгі нысаналы индикаторлар туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтып берді. Құжатта негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-ге 25,1%-ға дейін жеткізу және тікелей шетелдік инвестициялар ағынын 2026 жылдың өзінде $25,5 млрд-қа дейін арттыру көзделген.

Т. Жақсылықовтың айтуынша, аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Тұжырымдамада инвестициялар құрылымын жоғары қосылған құны бар тауарларды бәсекеге қабілетті өндіру жағына өзгертуге мүмкіндік беретін жаңа трендтерді ескере отырып, инвестициялар тарту саясатын қайта қарау бойынша шаралар кешені көзделген.

«Инвестициялық дамудың негізгі пайымы әрбір саланың экономиканы дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, инвестициялар тартуға теңдестірілген тәсілден тұрады. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі қозғаушы күші өңдеу өнеркәсібі болады», — деп атап өтті бірінші вице-министр.

Мұнда еңбек өнімділігінің өсуіне, экспорттың көлемін ұлғайтуға және күрделілігін арттыруға, неғұрлым жоғары қайта бөлу өнімінің жаңа өндірістерін игеруге және өндірісті кезең-кезеңімен оқшаулауға баса назар аударылады.

Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров та баяндады. Өңірлердегі инвестициялық жағдай туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді.

ҚР Премьер-Министрі атап өткендей, инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленді және Қазақстан экономикасына инвестициялардың өсуіне белсенді түрде ықпал ететін болады.

Жалпы, ел инвестициялардың пандемияға дейінгі өсу деңгейіне қол жеткізді. Осылайша, ағымдағы жылдың 5 айында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2,5%-ға өсіп, 4,1 трлн. теңгені құрады. Инвестиция өсімінің жоғары серпінін Ақмола облысы, Шымкент және Алматы қалалары көрсетіп отыр. Инвестиция көлемінің айтарлықтай төмендеуін Түркістан және Қарағанды облыстары көрсетті.

Әлихан Смайылов Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар үшін тартымды болып табылатынын және Орталық Азия өңіріндегі шетелдік инвестициялардың ағыны бойынша көшбасшы позициясын сақтап отырғанын атап өтті.

«Қазіргі жағдайда осы ұстанымды нығайту үшін бізге шетелдік инвестициялар үшін күресте озық әрекет ету және инвесторлар үшін барынша оңтайлы жағдайлар жасау қажет. Экономиканың шикізаттық емес секторларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерін кеңейту керек. Бүгін ұсынылған Инвестициялық саясат тұжырымдамасы экономиканы дамытудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың қозғаушы күшіне айналатын жаңа инвестициялық циклді іске қосуды қамтамасыз етуі тиіс», - деді Үкімет басшысы.

Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет елдің инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын бекітті.

ҚР Премьер-Министрі орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге Инвестициялық саясат тұжырымдамасы іс-шараларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Новую Концепцию инвестполитики Казахстана до 2026 года утвердили в Правительстве - Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан (primeminister.kz)