• Мобильді үстемені жүктеу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесу өткізді

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан-Қатар ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады.
Көшбасшылар сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара ұмтылысын растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тамим бен Хамад Әл Таниді қарсы ала отырып, Қатар Әміріне шақырғаны және жылы қабылдағаны үшін ризашылық білдірді.
Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықтың перспективалары туралы айта келіп, екі ел арасындағы өзара сауда көрсеткіштерін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Президент Қазақстан мен Қатар арасындағы өзара қызығушылық тудыратын салалардағы қатынастарды нығайтудың үлкен мүмкіндіктерін атап өтті. Ол екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруды ұсынды.
– Бізде бірқатар инвестициялық жобалар бар, оларды біз бүгін сіздермен бірге талқылауға дайынбыз. Бұл бағытта қазақстандық компаниялар Қатар бизнесімен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті, - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірін өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Өз кезегінде Шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Доханың Қазақстанмен көпжоспарлы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін мәлімдеді.
– Қазақстанның бүгінгі экономикалық форумға қатысуы мен үшін үлкен құрмет. Біз өте сенімді қарым-қатынастамыз және бірлескен жобаларды, әсіресе ауыл шаруашылығында, жүзеге асыруға ашықпыз. Бұл бағыт біздің еліміз үшін басым бағыт болып табылады. Біз жақын арада АӨК саласындағы бірлескен жобаларды егжей-тегжейлі талқылау үшін арнайы топ жібереміз, - деді Қатар Әмірі.
Әңгіме соңында шейх Тамим бин Хамад Әл Тани шақырғаны үшін алғысын білдіріп, жақын арада Қазақстанға сапармен келу ниетін растады.

https://www.akorda.kz/ru/prezident-kasym-zhomart-tokaev-provel-vstrechu-s-emirom-katara-sheyhom-tamimom-ben-hamadom-al-tani-2153547