• Мобильді үстемені жүктеу

Әлихан Смайылов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, онда халықаралық экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Іс-шараға ҚР-дағы Америкалық сауда палатасының атқарушы директоры Дорис Брэдбери, Ұлыбританияның ҚР-дағы елшісі Кэти Лич, Еуропалық Одақ делегациясының ҚР-дағы елшісі Кестутис Янкаускас, ЕҚДБ-ның Қазақстан бойынша директоры Хусейн Ожан, ЭЫДҰ Еуразиялық бөлімшесінің басшысы Уильям Томпсон, NCOC басқарушы директоры Оливье Лазар, «АрселорМиттал Темиртау» бас атқарушы директоры Биджу Наир, Philip Morris International өңірлік директоры Хуан Карлос Эскобар, сондай-ақ ҚР орталық мемлекеттік органдарының басшылары қатысты. 

Отырысқа қатысушылар қазіргі геосаяси жағдайдың Қазақстанның инвестициялық қоғамдастығы үшін логистика мен банк ісіне әсерін талқылады.

Бүгінгі таңда көлік-логистикалық жүйелер халықаралық экономикалық қатынастардың ең осал секторы болып табылатыны атап өтілді.

Отырыс барысында ҚР Премьер-Министрі сыртқы экономикалық күйзелістерге қарамастан, Үкіметте ықтимал дағдарыстық құбылыстарды еңсеру үшін барлық қажетті құралдар мен ресурстар бар екенін атап өтті.

«Бүгін айтылған барлық ұсыныстар пысықталып, Үкімет жұмысында ескерілетін болады», – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

https://24.kz/ru/news/economyc/item/550344-alikhan-smailov-provel-zasedanie-soveta-po-uluchsheniyu-investitsionnogo-klimata