• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанның инвестициялық және сауда мүмкіндіктері Чили іскер топтарына таныстырылды

Чили өнеркәсіп федерациясында (SOFOFA) «Қазақстан және Чили: ауыл шаруашылығындағы, майнинг пен логистикадағы кооперация мүмкіндіктері» тақырыбында инвестициялық және сауда ынтымақтастығы бойынша дөңгелек үстел өтті. Естеріңізге сала кетейік, SOFOFA жергілікті индустриялық сектормен байланысты компаниялар мен кәсіподақтарды біріктіреді. Сантьягода өткен кездесуге 20 компания қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Қазақстанның Бразилиядағы, Аргентина және Чилидегі Елшісі Болат Нүсіпов жиналғандарды агроөнеркәсіптік кешен мен сауда, тау-кен өнеркәсібі мен логистикадағы өзара іс-қимылдың қолда бар инвестициялық әлеуетіне назар аудара отырып, Қазақстан мен Чилидің экономикалық ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларымен таныстырды.

Өз кезегінде SOFOFA  саяси мәселелер жөніндегі директоры Родриго Мухика Қазақстанның Чилимен екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылының әлеуетін жоғары бағалап, оны одан әрі кеңейту мақсатында бизнес-миссиялармен алмасуды ұсынды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта екі елдің ресми органдары деңгейінде де, бизнес орталарында да байланыстарды арттыру үшін жақсы мүмкіндіктер бар.

Іс-шара барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілі Диана Аблякимова Қазақстанның инвестициялық саясаты, инвестициялық климатты жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар және әлеуетті инвесторлар үшін жаңа қолдау құралдары туралы хабардар етті, сондай-ақ Чили компаниялары үшін инвестициялық ұсыныстарды ұсынды.

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының басқарушы директоры Айбек Сағынаев Қазақстанның сауда-экономикалық және көлік-логистикалық әлеуетіне егжей-тегжейлі тоқталып, Чили нарығына экспорттау үшін қазақстандық өнімдердің перспективалық тауарлық топтарын таныстырды.

Іс-шара соңында тауар айналымын және инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында Қазақстан мен Чили арасындағы бизнес кооперациясын кеңейтудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктеріне қатысты пікірталас пен пікір алмасу өтті.

Дөңгелек үстелді Чили өнеркәсіп федерациясы (SOFOFA) Қазақстан Республикасының Бразилиядағы, Аргентина және Чилидегі Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырғанын атап кеткен жөн.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/investitsionnye-i-torgovye-vozmozhnosti-kazakhstana-prezentovany-chiliyskim-delovym-krugam/