Мемлекет басшысы Еуропа қайта құру және даму банкінің Президентімен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің Президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді.
![]()
Тараптар елімізде инфрақұрылым, транзиттік тасымалдау, экономика мен қаржы секторын декарбонизациялау салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтап, оның нәтижелері шетелдік инвесторлардың елімізге деген сенімін одан әрі нығайтатынын атап өтті.
Ол сондай-ақ Қазақстанның экономикасының дамуы мен қаржы жүйесін нығайту перспективалары туралы ойымен бөлісті.
