• Мобильді үстемені жүктеу

Словакиялық компания Қазақстанда жемшөп қоспаларын шығаруды жоспарлап отыр

2022 жылғы 28 сәуірде KAZAKH INVEST кеңсесінде SATURAN s.r.o. (Словакия) компаниясымен кездесу өтті. Штаб-пәтері Братиславада орналасқан компания ауылшаруашылық жануарларына арналған инновациялық органикалық жемшөп қоспаларын шығарады.

«Қазақстан Республикасын біздің компания стратегиялық өңір ретінде қарастырады. Біз құрама жем қоспаларын өндірумен, ішкі сұранысты қанағаттандырумен және сыртқы нарықтарға экспорттаумен айналысатын бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін зерделейміз», - деді SATURAN s.r.o. компаниясының тең құрылтайшысы Ярослав Лазар.

Қазақстан Республикасында жобаны іске асыру мал шаруашылығы секторында жұмыс істейтін кәсіпорындардың тиімділігін жоғарылатуға, өнімділікті арттыруға, дайын өнімнің (сүт, ет, жұмыртқа) сапасын жақсартуға, сондай-ақ ІҚМ организмінің әр түрлі ауруларға төзімділігін арттыруға ықпал ететін болады, өйткені қоспаның негізгі әсер етуші заты органикалық байланысқан нысандағы йод болып табылады. 

ҚР Словак Республикасындағы Елшілігі және KAZAKH INVEST ұйымдастырған SATURAN s.r.o. компаниясының Қазақстанға сапары аясында еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы жетекші кәсіпорындардың мамандарымен байланыс орнатылды.

Қазіргі уақытта ІҚМ үшін ет және сүт мал шаруашылығында қоспаларды қолдану тиімділігіне тестілік сынақтар жүргізу мақсатында пилоттық өнім – «САТУРАН J» жемшөп қоспасының топтамасын аталған кәсіпорындарға өтеусіз жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Зерттеулер ет мал шаруашылығы үшін – 3 айға, сүт мал шаруашылығы үшін – 6 айға созылады.

Бірінші кезеңін іске асыру кезінде инвестор өнімдер желісін құрамында дәрумендер, минералдар мен микроэлементтер басым болатын премикстермен ұлғайтуды жоспарлап отыр.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/slovatskaya-kompaniya-planiruet-proizvodit-kormovye-dobavki-v-kazakhstane/