• Мобильді үстемені жүктеу

Үкіметте «KAZAKH INVEST» 2021 жылғы қызметінің қорытындылары қаралды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Отырыста компанияның 2021 жылғы қызметінің қорытындылары қаралды, 2021 жылғы қаржылық есептілік алдын ала бекітілді, сондай-ақ Есеп саясаты және Қаржы ресурстарын басқару жөніндегі саясат сияқты жаңа редакциядағы бірқатар ішкі құжаттар бекітілді. 

Ішкі аудит қызметінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің 2022 жылғы 1 тоқсандағы есептері назарға алынды. Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов хабарлағандай, «KAZAKH INVEST» қолдауымен 2021 жылы шамамен 5 мың жұмыс орнын құра отырып, $3,8 млрд астам сомаға 57 жоба іске асырылды. Шетелдік инвесторлардың Қазақстан өңірлеріне өндірістік алаңдарды аралаумен 190-нан астам сапарлары ұйымдастырылды, олардың барысында мемлекеттік органдар мен жергілікті бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны пандемияға дейінгі деңгейге оралып, $23,7 млрд құрағанын атап кеткен жөн. Ел басшылығының тапсырмасы бойынша ҚР аумағында халықаралық компаниялардың өндірістерін оқшаулау мақсатында кең ауқымды жұмыс жүргізілуде. Әлемнің 30-ға жуық елінен шикізаттық емес салалардың 200-ден астам компаниясына инвестициялық ұсыныстар пакеттері жіберілді. 

Мүдделі компаниялармен белсенді келіссөздер жүргізілуде. ҚР Премьер-Министріне сондай-ақ «KAZAKH INVEST» шетелдегі өкілдерінің қызметінің нәтижелері туралы баяндалды. Шетелдік өкілдер жұмысының тиімділік көрсеткіштері жыл сайын Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төрағалық ететін кеңесте қаралады. Бұл бағыттағы жұмыс шетелдік өкілдер өңірлерінде пандемиялық шектеулерді біртіндеп алып тастау салдарынан жандана түсетіні атап өтілді.

 https://24.kz/ru/news/economyc/item/539146-v-pravitelstve-rassmotreli-itogi-deyatelnosti-kazakh-invest-v-2021-godu