• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен БАӘ жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы келісті

Абу-Даби, 2022 жылғы 29 наурыз - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров бастаған қазақстандық делегация БАӘ-не сапармен барды. Делегация құрамына Энергетика бірінші вице-министрі М.Жүребеков, «KIDF» қорының және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басшылығы кірді.

Сапар аясында БАӘ Экономика министрі, Абу-Даби Экономикалық даму департаментінің басшысы, «Mubadala», «Masdar», «Metito», «Sharaf Group», «West Hydrocarbons Commercial Investment LLC» және т.б. сияқты БАӘ инвестициялық қорлары мен компанияларының басшыларымен екіжақты жекелеген кездесулер өтті. Іскерлік келіссөздер нәтижесінде тау-кен металлургия кешені, мұнай-химия және жаңартылатын энергетика саласындағы жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан басқа, сапар шеңберінде қазақстандық делегация «Investopia» және «Annual Investment Meeting» инвестициялық форумдарына қатысты, сондай-ақ Масдар-Ситиге және Абу-Даби Халифасының «KIZAD» өнеркәсіптік аймағына барды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/region-news/details/8225?lang=ru