• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері беделді Пекин ұйымының алаңында таныстырылды

KAZAKH INVEST Бейжіңдегі «Psearcher» зерттеу және консалтингтік компаниясының онлайн-алаңы аясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Вебинар аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Іс-шараға бизнесті дамытуға және Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі 30-дан астам қытайлық компания қатысты.

KAZAKH INVEST ҚХР-дағы Бас өкілі Қуаныш Амантай Қазақстанның инвестициялық климатымен таныстырды, сондай-ақ шетелдік бизнесті қолдаудың қолданыстағы шаралары, ел экономикасының басым салалары, екі елдің инвестициялық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен әлеуеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Баяндама нәтижелері бойынша, «сұрақтар мен жауаптар» сессиясы шеңберінде Қытай компанияларының өкілдері агроөнеркәсіптік кешен, жаңартылатын энергия көздері, мұнай мен газды қайта өңдеу, машина жасау және т. б. салалардағы ынтымақтастық бойынша мәселелерді көтерді.

Іс-шара қорытындысы бойынша, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ҚХР-дағы өкілдігі бірқатар компаниялармен нақты инвестициялық жобалар бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін талқылау бойынша қайта кездесулер өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/investvozmozhnosti-kazakhstana-prezentovany-na-ploshchadke-avtoritetnoy-pekinskoy-organizatsii/