• Мобильді үстемені жүктеу

Швейцариялық бизнесмендер Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Женева, 2022 жылғы 1 наурыз – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 49-шы сессиясына қатысу үшін Швейцарияға сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Rey Group» және «Caviar House & Prunier» швейцариялық компанияларының басшылығымен келіссөздер өткізді.

 

Қазіргі уақытта бұл компаниялар 2021 жылғы қарашада Женевада ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан-Швейцария инвестициялық дөңгелек үстелінің отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша белсенді жұмыс істеуде.

 

Тараптар Қазақстанда туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ балық саласы мен қара уылдырық өндірісін жаңғырту бойынша ынтымақтастықты қоса алғанда, түрлі салалардағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды талқылады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/334775?lang=ru