• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанда туризм саласындағы инвестициялық жобаларға преференциялар алу жеңілдеді

Қазақстанда туризм саласы үшін субсидиялар мен преференциялар спектрі кеңейді. Осылайша, осы жылдың басынан бастап «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңы күшіне енді, оған сәйкес заңнамаға бірқатар маңызды түзетулер әзірленді.

Туризм саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту бөлігінде 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап инвестициялық басым келісім-шартқа қол қою және тиісті преференциялар алу үшін инвестор жобаны іске асыруға кемінде 200 мың АЕК (612,6 млн.теңге) салуға тиіс. Бұл ең төмен белгіленген шегі. Мысалы, жаңа өндірістерді құру кезіндегі барлық жобалар үшін жалпы шек - 2 млн. АЕК (6,1 млрд. теңгеден астам), қолданыстағыларын жаңарту кезінде - 5 млн. АЕК( 15,3 млрд. теңгеден астам), тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласында жаңа өндірістер құрылған жағдайда - 1 млн. АЕК (3 млрд. теңге).

Сонымен қатар, биылдан бастап Кәсіпкерлік кодексінде туристік қызмет шағын және орта кәсіпкерлікпен, индустриялық-инновациялық қызметпен, инвестициялық қызметпен және агроөнеркәсіптік сектормен қатар кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағыттарына енгізілген.

«Осылайша, бизнес әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау, туристік қызмет объектілерін салу, жаңғырту, тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техниканы сатып алу, санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстау, жол бойындағы сервис объектілерін салу және т.б. кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу түрінде қолдау алатын болады», - деп атап өтті «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ Сервистік қолдау департаментінің директоры Алида Түйебекова.

Сонымен қатар, шетелдіктер үшін «bed tax»-тің тікелей аналогы болып табылатын туристік жарна сияқты жаңалықты атап өткен жөн. Бұл хостелдерді, қонақ үйлерді, қалалар мен аудандардағы жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін алынатын төлем. Шетелдіктер үшін туристік жарнаның операторлары алынған қаражатты жергілікті бюджетке аударатын болады. Жарна мөлшерін әкімдіктер анықтайтын болады.

Бұдан басқа, Келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары күшіне енді. Әрбір тартылған шетелдік турист үшін туроператорларға 15 000 теңге мөлшеріндегі шығындар субсидияланады.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/v-kazakhstane-stalo-legche-poluchit-preferentsii-dlya-investproektov-v-sfere-turizma/