• Мобильді үстемені жүктеу

ШҚО кәсіпкерлерінің назарына

iKapitalist – бұл Астана Халықаралық Қаржы Орталығының (АХҚО) юрисдикциясында тіркелген және белсенді жұмыс істейтін Қазақстан Республикасындағы алғашқы лицензияланған инвестициялық және қарыз краудфандингтік платформа.

Компания шағын және орта бизнесті қаржыландырумен айналысады, 2020 жылдың ақпан айынан бастап ШОБ жобаларын 4 млрд. 384 млн. теңге сомаға қаржыландырды.

iKapitalist соңғы 12 ай ішінде 60 млн. теңгеден жоғары түсіммен белсенді болған компанияларды қарастырады және компанияға 12 айға дейін кепілсіз және қарыздың денесің кезең соңында төлеумен 150 млн. теңгеге дейін қарыз қаражатын беруге дайын.

Шығыс Қазақстан облысында компанияларға инвестициялар 163 млн. теңгені құрады. Компания Шығыс Қазақстан облысының орта және шағын бизнесін қаржыландыруды кеңейту үшін облыс кәсіпкерлерімен одан әрі ынтымақтастыққа мүдделі.

Толық ақпарат алу үшін: 87001780014, 87001780018, info@ikapitalist.kz, www.ikapitalist.kz хабарласыңыз.