Kazakhstan Global Investment Roundtable-2021 шеңберінде 2,1 млрд АҚШ долларынан астам сомаға келісімдерге қол қойылды
Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 7 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жыл сайынғы Төртінші "Kazakhstan Global Investment Roundtable" (KGIR 2021) жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелі өтті.
Гибридті форматта өткен іс-шараға 1000-нан астам делегат – шетелдік бизнес өкілдері, әлемнің 50 елінен келген ірі инвесторлар мен әлемдік сарапшылар, оның ішінде "Goldbeck Solar", "INOKS Capital", "Chevron", "ENI", "Valmont Industries", "Yildirim Group" және т. б. ірі жаһандық компаниялардың топ-менеджменті қатысты.
Өз сөзінде М.Тілеуберді Қазақстан тәуелсіздік жылдарында жинақталған капиталы шамамен 370 млрд. АҚШ долларын құрайды. "Бүгін біз экономиканың таза, инновациялық және әртараптандырылған моделіне бағыт ұстаймыз. Ол үшін біз нақты қадамдар жасап жатырмыз, онда инвесторларды кешенді қолдау ұлттық басымдықтардың бірі ретінде айқындалды", - деп атап өтті сыртқы саясат ведомствосының басшысы.
Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде инвестициялық ахуалды дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, Қазақстанда әлеуетті жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау үшін шетелдік әріптестермен бірқатар B2B кездесулер өткізілді.
Сондай-ақ, спикерлер ретінде "Технониколь" президенті Сергей Колесников, "YDA Group" президенті Хусейн Арслан, "Goldbeck Solar" Бас директоры Йоахим Гольдбек, "Polcotton" компаниясының негізін қалаушы және Басқарма мүшесі Алоис Шонбергер, "Orhun Medical" басқармасының төрағасы Гоненч Дырык сөз сөйледі.
Бірқатар шетелдік инвесторлар агроөнеркәсіптік кешенді, фармацевтика саласын, инфрақұрылымдық дамуды және адами капиталды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Олардың арасында "Chevron", "Citibank Kazakhstan", "Anadolu Group", "Philip Morris International", "Hevel", "INOKS Capital", "Georgian Industrial Group", "Goldbeck Solar", "Air Liquide", "Danone", "Polpharma", "Lactalis" және т. б. ірі кәсіпорындар бар.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша инвестициялық келісімдерге қол жеткізілді және жалпы сомасы 2,1 млрд, АҚШ долларынан асатын 30 коммерциялық келісімге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік және тау-кен металлургия кешені, машина жасау, денсаулық сақтау, фармацевтика, энергетика және т. б. салаларда 6 коммерциялық емес құжатқа қол қойылды.