Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ағымдағы жылдың он айындағы Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.
Әкімнің айтуынша, өңірде халықты вакцинациялау науқаны жалғасуда. Атап айтқанда, вакцинациялауға жататын тұрғындардың 100%-ы бірінші компонентті алды. 7 желтоқсанға дейін азаматтарды вакцинациялауды екінші компонентпен аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ, Президентке облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы туралы мәлімет берілді. Әкімнің мәліметінше, 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 4 есеге арттыру жоспарланған.
Мемлекет басшысына жақында ашылған "Үлбі-ТВС" зауытының жұмысы туралы баяндалды. 140 жаңа жұмыс орны құрылатын кәсіпорын энергетика саласының кәсіпорындары үшін жабдықтар шығаратын болады. Зауытта жылына 200 тоннаға дейін уран отыны өндіріледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне жылу беру маусымында жылу мен электр энергиясын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге, халықты көмірмен қамтамасыз етуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастыруды тапсырды.