Қазақстан машина жасаушылар одағы KAZAKHINVEST компаниясымен меморандумға қол қойды
2021 жылғы 22 қарашада Қазақстанның машина жасаушылар одағы мен "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы" АҚ машина жасау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжатқа Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев пен "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов қол қойды.
Қазақстан машина жасаушылар одағы мен KAZAKHINVEST бірлескен қызметінің негізгі бағыттары ретінде ақпаратпен алмасу және Қазақстанның машина жасау саласына инвестициялар тарту бойынша өзара іс-қимыл белгіленді.
Меморандум шеңберінде тараптар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі бойынша бастамаларды қолдауды, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа беталыстарының бағыттары туралы бір-бірін хабардар етуді жоспарлап отыр.