• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKHINVEST UNCTAD Дүниежүзілік инвестициялық форумында Қазақстандағы инвесторларды қолдау жүйесін ұсынды

Инвестициялық саясат, сондай-ақ халықаралық сауда саласындағы жаһандық міндеттерді шешудің өзекті мәселелері UNCTAD 7-ші Дүниежүзілік инвестициялық форумының сұхбат алаңында қаралды. Онлайн іс-шара жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық    басшылары, сондай-ақ ірі бизнес көшбасшылары қатысты.

Іс-шара аясында "Парламентшілер, саясаткерлер мен бизнес көшбасшыларының үшжақты сұхбаты" тақырыбында пленарлық сессия ұйымдастырылды. Сессияны ашқан UNCTAD Бас хатшысы Ребекка Гринс  қазіргі уақытта дамыған және дамушы елдердің басым міндеті жаһандық экономикалық дағдарыстан кейін тұрақты экономикалық қалпына келтіруді қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол дамушы елдердің әлемдік экономикаға қатысу рөлін арттыру мақсатында жаһандық экономикалық басқаруды ұйымдастыру жүйесінің мәселелерін қозғады.

Сонымен қатар, Парламентаралық Одақтың Бас хатшысы Мартин Чунгонг пен Эфиопия Премьер - Министрінің арнайы кеңесшісі Аркебе Окубай құттықтау сөз сөйледі. Панельдік сессияның спикерлері Парламентаралық Одақтың Құрметті Президенті Сабер Хоссейн Чаудури, Еуропалық Парламенттің Халықаралық Сауда Комитетінің төрағасы Бернард Ланге, "HSBC Global Asset Management" Бас директоры Николя Моро, "KAZAKH INVEST"ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали және т. б. болды.

Өз сөзінде "FDI Intelligence" ("Financial Times" бөлімшесі) редакторы Жакопо Деттони пандемияның жаһандық инвестициялық ортаға теріс әсерін атап өтті. Өз сөзінде ол тиісті қаржыландыруды қамтамасыз ету және ұлттық деңгейде келісілген тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттілігі туралы мәлімдеді. Ол сондай-ақ экономиканы басқару, әсіресе инвестициялық саланы реттеумен байланысты мәселелер бойынша тұрақты парламенттік мониторинг жүргізу қажеттігін атап өтті.

Осы тезисті растау үшін "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали экономикалық дағдарыстың тікелей шетелдік инвестицияларды, атап айтқанда, өтпелі экономикасы бар елдерде қысқартуға елеулі әсерін атап өтті. Оның айтуынша, UNCTAD-тың әлемдік инвестициялар туралы соңғы есебіне сәйкес, өткен жылы бұл елдерге ТШИ ағыны $24 млрд-қа дейін қысқарды, бұл 2003 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш болып табылады. Алайда, мемлекет тарапынан жасалған шаралардың арқасында Қазақстан UNCTAD халықаралық рейтингінде экономикасы өтпелі елдер арасында, сондай-ақ теңізге шыға алмайтын елдер арасында жетекші орынға ие болды.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік инвестициялық форум аясында қатысушылар жасыл экономикаға инвестицияларды өсіру қажеттілігін талқылады. Сөз сөйлеушілердің пікірінше, бұл жасыл энергияны тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың "драйвері" ретінде қарастырған жөн.

"Бүгінде елдер БҰҰ-ның тұрақты дамуының жаңа шындықтары мен мақсаттарын ескере отырып, инвестициялық ілгерілету стратегиясын әзірлеуі тиіс. Біз дағдарыс азық-түлік, медициналық бұйымдар, сондай-ақ қосылған құны жоғары өнімдердің басқа да түрлерін өндіру саласында экономиканы одан әрі әртараптандыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін екенін көріп отырмыз. Сонымен қатар, пандемия агробизнес пен азық-түлік қауіпсіздігінің өсіп келе жатқан маңыздылығын көрсетті. 2020 жылы Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық индексінде 32-ші орынға ие болғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, бүгінгі таңда ESG критерийлерінің факторлары айтарлықтай өзекті болып отыр. Қабылданған "Жасыл экономика" тұжырымдамасы аясында Қазақстан 2060 жылға қарай көміртекті-бейтарап елге айналуға нақты мақсат қойды", - деп толықтырды Жандос Темірғали.

  Айта кету керек, UNCTAD Дүниежүзілік инвестициялық форумы екі жылда бір рет саяси көшбасшылардың, мемлекеттік басқару органдарының, жеке бизнестің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми топтардың және т. б. қатысуымен өткізіледі.

Анықтама: Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (UNCTAD) БҰҰ Бас Ассамблеясының сауда және инвестициялар саласындағы бас органы болып табылады. 1964 жылы құрылған штаб-пәтері Женева қаласында (Швейцария) орналасқан. БҰҰ жүйесінде UNCTAD даму және сауда, қаржы, технология, инвестиция және тұрақты даму мәселелері бойынша Үйлестіру орталығы рөлін атқарады. Ұйымның негізгі міндеттері қазіргі заманғы Халықаралық экономикалық қатынастардың ұсынымдарын, қағидаттарын, ұйымдық-құқықтық жағдайлары мен жұмыс істеу тетіктерін әзірлеу арқылы әлемдік экономиканың дамуына жәрдемдесу болып табылады. Ұйым саясатты зерттеу мен талдауды, үкіметаралық кеңестерді жүргізеді, азаматтық қоғаммен және кәсіпкерлік сектормен техникалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

 

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakh-invest-predstavil-sistemu-podderzhki-investorov-v-kazakhstane-na-vsemirnom-investitsionnom-fo/