• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен ҚХР индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бойынша отырыс өткізді

Үстіміздегі жылдың 28 қыркүйегінде ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары А.А. Айдаровтың және ҚХР Реформалар және даму жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Н. Цзичженің тең төрағалығымен индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру комитетінің 19-шы отырысы өтті.

Отырыста бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Олардың нәтижелі  іске асырылуына көмек көрсету және туындаған мәселелерді шешу бойынша пікір алмастырылды.

Тараптар "жасыл" энергетика, қаржы және өңірлік өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниет білдірді.

 Казахстан и КНР провели заседание по сотрудничеству в области индустриализации и инвестиций (www.gov.kz)