• Мобильді үстемені жүктеу

ҚР Президенті Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрін қабылдады

Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің инвестициялар министрі Халид әл-Фалихті қабылдады. Кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және инвестициялар тарту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халид әл-Фалихті қарсы ала отырып, оның сапары Сауд Арабиясы Корольдігінің мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесудің жалғасы екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясына Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанды қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

– Біз елдеріміз арасында ынтымақтастықты ілгерілету, оған практикалық мазмұн беру үшін көптеген мүмкіндіктер бар екеніне сенімдіміз. Сондықтан біз Мұрагер ханзадамен телефон арқылы болашақ бірлескен жобаларды талқыладық. Біздің өзара іс-қимылымыздың базасы әлдеқайда берік болады. Осыған байланысты біз сіздің сапарыңызды құптаймыз және Сіздің қолдауыңызбен және менің әкімшілігімді қатыстыра отырып, біз екіжақты қарым-қатынастарымызда нақты прогреске қол жеткізе аламыз деп санаймыз, - деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Халид әл-Фалих Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд пен Корольдіктің тақ мұрагері Салман Бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың сәлемін қабылдағаны үшін алғысын білдірді.

– Олар Қазақстанның одан әрі гүлденуі мен әл-ауқатына ұдайы қолдауын растап, жүргізіліп жатқан реформаларды және елдің Орталық Азиядағы көшбасшылығын, сондай-ақ 30 жыл бұрын басталған жолды жоғары бағалайды. Осы кезең ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті негізін қалаған және қазір Сіздің дана басшылығыңызбен жалғасын табатын өте прогрессивті саясат жүзеге асырылуда, – деп атап өтті Сауд Арабиясының министрі.

https://24.kz/ru/news/economyc/item/500857-prezident-rk-prinyal-ministra-investitsij-korolevstva-saudovskaya-araviya