• Мобильді үстемені жүктеу

АҚШ бизнесі Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі

Нью-Йорк, 2021 жылғы 23 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясына қатысу шеңберінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нью-Йоркте Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастыққа мүдделі ірі америкалық компаниялармен дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстандық Министр ҚР Үкіметінің ауыл шаруашылығын, тамақ өнімдерін өндіруді, машина жасауды, химияны, металлургияны, мұнай өңдеуді, АТ, көлік және логистиканы қоса алғанда, басым секторларға ТШИ тарту үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға дайындығын растады.

Сондай-ақ, М.Тілеуберді американдық "Tyson Foods", "Valmont", "Agricultural Solutions Group", "Morgan Stanley" және "City Group" компанияларының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.

Америка Құрама Штаттары Қазақстандағы ірі экономикалық серіктестер мен инвесторлардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда ҚР-да машина жасау, химия, құрылыс, мұнай-газ салаларында, сондай-ақ АT-платформаларда және басқа да алаңдарда 500-ден астам америкалық компания жұмыс істейді. Қазақстан экономикасына тартылған америкалық инвестициялардың көлемі 2005 жылдан бастап 45 млрд. құрайды. 

 https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/260098?lang=ru