• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен Люксембург экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде

Люксембург, 2021 жылғы 21 қыркүйек - Қазақстанның Брюссельдегі Елшілігінің бастамасы бойынша Люксембургтегі ҚР Құрметті консулдығымен, KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясымен бірлесіп Люксембург Сауда Палатасының қолдауымен ұйымдастырылған "Invest in Kazakhstan" іс-шарасы өтті.

Іс-шараға KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясының Еуропадағы өкілі, Люксембург сауда палатасының, Люксембург экономика министрлігінің, Люксембургтегі ҚР Құрметті консулдығының қызметкерлері, сондай-ақ герцогтіктің іскерлік топтары қатысты.

Өз сөзінде Елшіліктің кеңесші-уәкілі М.Андабаев Қазақстан-Люксембург қарым-қатынастарының жоғары деңгейін атап өтіп, Люксембург компанияларын цифрландыру, IT, авиация, ғарыш өнеркәсібі және қаржы-банк қызметі саласындағы жоғары технологиялық шешімдерді пайдалана отырып, бірлескен инвестициялық жобаларға қатысуға шақырды, онда Люксембург әлемдік көшбасшылардың бірі болып танылды. Қазақстандық дипломат қатысушыларға Президент Қ.Тоқаевтың әлеуметтік- экономикалық тақырыптарға қатысты "Халық бірлігі және жүйелі реформалар –  ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін таныстырды.

 KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясының Еуропадағы өкілі Айнұр Тумышева ең алдымен өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларға назар аудара отырып, Қазақстанның сауда-инвестициялық әлеуетін кеңінен таныстырды.

"2020 жылы Қазақстан 4 млрд долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен 35% - ға өсті, бұл БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі Конференциясының (ЮНКТАД) "Инвестициялар жөніндегі дүниежүзілік баяндамасында" атап өтілді. ЮНКТАД рейтингісіне сәйкес, теңізге шыға алмайтын барлық елдер арасында Қазақстан Тікелей инвестициялардың таза ағыны бойынша 1-ші орынға ие болды. Бұл өсім өңдеу өнеркәсібі, көлік, телекоммуникация, қаржы қызметі, энергетика, тау-кен өндіру кешені сияқты салаларда инвестициялар есебінен қамтамасыз етілді. - деп атап өтті А.Тумышева.

Өз кезегінде, Люксембург сауда палатасының Халықаралық қатынастар жөніндегі аға кеңесшісі Стивен Коэн сауда-өнеркәсіп палатасы екіжақты ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер мен құралдарды жасауға белсенді қатысатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол люксембургтік компаниялар Қазақстанда жұмыс істеп жатқанын және Люксембургтің сауда өнеркәсіп палатасы люксембургтік компаниялардың жұмысына жәрдемдесуді жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Қазақстан елшілігі түрлі іс-шаралар өткізу және қазақстандық нарықтың экономикалық артықшылықтарын таныстыру арқылы шетелдік инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakhstan-i-lyuksemburg-rasshiryayut-ekonomicheskoe-sotrudnichestvo/