KAZAKH INVEST Қытайда инвестицияларды жылжыту жөніндегі Қытай-Еуразиялық альянсын құру рәсіміне қатысты
Экономиканың басым секторларындағы ҚР инвестициялық әлеуеті Қытай-Еуразия инвестициялық форумы алаңында таныстырылды. ҚХР коммерция министрлігінің инвестицияларды ілгерілету агенттігі ұйымдастырған форумға іскер топтар мен сауда-экономикалық ұйымдардың 50-ге жуық өкілі қатысты. Сондай-ақ, іс-шара аясында инвестициялық ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөніндегі Қытай-Еуразиялық альянсты құру рәсімі өтті.
Форум барысында Қазақстанның іскерлік ахуалы, сондай-ақ ҚР-дағы инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ҚХР-дағы "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ өкілі Жанат Байтенов баяндама жасады. Өз сөзінде ол Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі туралы айтып берді, сондай-ақ инвестицияларды тарту және халықаралық сауданы дамыту мақсатында Қытай-Еуразиялық альянс алаңын өзара тиімді пайдалануға қатысты өз көзқарасымен бөлісті.
Сонымен қатар, іс-шара аясында қазақстандық тарап Цзилинь, Хэйлунцзян, Шэнси, Цзянсу және т. б. өңірлердің ірі бизнес-қоғамдастықтарының басшыларымен әлеуетті жобалар бойынша бірқатар нақты келіссөздер өткізді.
Қытайлық инвесторлармен кездесу барысында CITIC Construction, Great Wall Motor және т. б. сияқты ірі компанияларды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделілік жоғары екендігі атап өтілді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ағымдағы жылдың қазан айында өтетін альянс сарапшылық комитеті мен Хатшылықтың бірінші отырысында одан әрі ынтымақтастықты талқылау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.