2020 жылы Қазақстанда 201 индустриялық жоба іске асырылды
Индустрияландыру картасы және өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау карталары шеңберінде 2020 жылы Қазақстанда 916,8 млрд теңге сомасына 201 жоба іске асырылды, 18,6 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі хабарлайды..
2020 жылы Теміртауда "Linde GAS" ЖШС "АрселорМиттал Теміртау"АҚ болат құю өндірісі үшін өнеркәсіптік газдар – оттегі және азот өндірісін іске қосты. Жаңа қондырғы шойын, болат және металл прокатын өндіруге қажетті оттегі газы мен азотты шығарады.
Саран қаласында "QazTehna"ЖШС Yutong жолаушылар автобусы, карьер және жол-құрылыс техникасын шығаратын жаңа зауыт ашылды. Зауыт жылына 1 200 автобус пен 500 арнайы техника шығаруды жоспарлап отыр. Бұл бірінші кезеңнің өзінде Қазақстанның қоғамдық көлік паркінің тозған жағдайына айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік береді.
Қарағанды облысында тағы бір жоба өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында жүзеге асырылды, құю өндірісі - "Qaz Carbon"ЖШС ферроқорытпа зауыты. Кәсіпорын байыту фабрикалары үшін шойын ұсақтағыш шарларды, құрылыс саласы кәсіпорындары үшін шойын цильпебстарды, теміржол көлігі үшін тежегіш қалыптарды, сондай-ақ фасонды құюды өндіреді.
Алматыда Hyundai Trans Kazakhstan Accent, Elantra, Sonata, Creta, Tucson, Santa Fe жеңіл автомобильдерінің өндірісін іске қосты. Зауыт әлемдік автомобиль жасаудың заманауи технологиялары мен экологиялық стандарттар талаптарын ескере отырып салынған. 2021 жылдың 6 айында компания 7 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарды, оның көлемі 18 есеге артты. 2021 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 30 мың автомобиль шығаруды ұлғайтуды жоспарлап отыр, оның 6 мыңнан астамы экспортқа шығарылады.
Нұр-Сұлтанда 2020 жылғы шілдеде қуаттылығы жылына 135 мың шаршы метр тұрғын үй болатын ModeX үй құрылысы комбинатының автоматтандырылған конвейерлік желісінің ашылуы өтті. Кәсіпорында АҚШ, Сингапур және Германияда қолданылатын ірі блокты үй құрылысының инновациялық технологиялары енгізілген, олар құрылыс мерзімін қысқартуға, оның сапасын арттыруға және тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Модульдік блоктар тұрғын үй кешендерін, коттедждерді, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде оқу орындарын, сауда павильондарын, қызметтік үй-жайларды және басқаларды салуда пайдаланылуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында "Үлбі-ТВС" ЖШС ядролық отын ретінде атом электр станцияларына арналған жылу бөлетін құрамалар өндірісі бойынша жобаны іске қосты.
Бұл 2020 жылы іске асырылған негізгі жобалар. Моноқалаларда 676 және ауылдық жерлерде 6,5 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.
Тұтастай алғанда, 2020 жылдың қорытындылары бойынша 2010-2020 жылдары енгізілген индустрияландыру картасының және өңірлердің кәсіпкерлікті қолдау карталарының жобаларымен өңдеу өнеркәсібінде шамамен 4,8 трлн теңге немесе 37% сомаға өнім өндірілді, оның ішінде салалық бөліністе:
металлургия-2,4 трлн теңге немесе 43%;
машина жасау – 758,3 млрд теңге немесе 42%;
құрылыс индустриясы – 159 млрд теңге немесе 24%;
химия-281,8 млрд теңге немесе 60%;
фармацевтика-101,9 млрд теңге немесе 74%;
жеңіл өнеркәсіп-46,6 млрд теңге немесе 36%.