• Мобильді үстемені жүктеу

ШҚО-да су электр станциясы пайдалануға берілді

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында шағын Тұрғысын ГЭС-ін пайдалануға берілді. Жобаның серіктесі – Қытай халықаралық Су шаруашылығы және энергетика корпорациясы (ҚХР). Жоба "KAZAKHINVEST" ҰК" АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Инвесторлардың айтуынша, Тұрғысын өзенінде қуаты 24,9 МВт ГЭС құрылысы 2016 жылы басталған. Электр станциясын іске қосу электр энергиясын өндірудің өзіндік құнын төмендетуге және оның тапшылығын жылына 78 млн кВтс төмендетуге мүмкіндік береді. ГЭС іске қосылғаннан кейін ауданы 60 га су қоймасы құрылады, онда 7,6 миллион текше метрге дейін су шоғырланады.
"Су электр станциясының құрылысы-Шығыс Қазақстан үшін маңызды жоба. Оны іске асыру арзан баламалы электр энергиясын өндіру үшін өңірлік өндіруші қуаттар құруға және сырттан сатып алынатын көлемдерді жабуға мүмкіндік береді. Бұл ретте тарифтің ең қымбат құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын электр энергиясын тасымалдауға арналған шығыстар алып тасталады", - деп хабарлады шетелдік компания өкілдері.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 15 жаңа тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сондай-ақ, Тұрғысын ГЭС іске қосылуымен ШҚО-да атмосфераға көміртегі оксидтері шығарындыларының жылына 680 тоннаға азаюы болжануда.
"Нысанның құрылысы үшін орын кездейсоқ таңдалмаған. Тұрғысын өзені көпсалалы, резервтік қорларды жинақтау үшін сыйымды су қоймасын құру мүмкіндігі бар. ГЭС үшін ең маңыздысы беріктік. Тұрғысын станциясы 50 градустық аяздармен және үлкен сумен тексеруден өтті. Шағын ГЭС – тің жұмыс ресурсы 50 жыл және одан да көп уақытты құрайтынын атап өткен жөн", - деді су электр станциясының құрылыс жетекшісі Қалаубек Баймұханбетов.
Сонымен қатар, инвесторлар атап өткендей, Тұрғұсұн ГЭС-і құрылысы Тұрғұсұн өзенінде тағы да бірнеше су электр станциясын салуды бастайды.
Анықтама:
Қытай халықаралық Су шаруашылығы және энергетика корпорациясы – Құрылыс және инжиниринг саласындағы қытайлық консалтингтік компания, сумен жабдықтау және гидроэнергетика нысандарын салуға маманданған.

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/v-vko-vveli-v-ekspluatatsiyu-gidroelektrostantsiyu/