• Мобильді үстемені жүктеу

ҚР инвестициялық мүмкіндіктері "Beijing-Tianjin-Hebei International Investment and Trade Fair 2021"форумында таныстырылды

Сессияның ашылуында "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали, сондай-ақ ҚР-ның ҚХР-дағы экономика жөніндегі Елшілігінің кеңесшісі Сұлтанғали Қанжақұлов сөз сөйледі.

Қазақстандағы іскерлік ахуал, оның инвестициялық мүмкіндіктері мен экономиканың басым салалары туралы, сондай-ақ Қытай компанияларына инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ҚХР-дағы "KAZAKH INVEST" Бас өкілі Қуаныш Амантай толығырақ айтып берді.

Сондай-ақ онлайн форматта KAZAKH INVEST жобалық менеджерлері сессия қатысушыларына елдің агроөнеркәсіптік және тау-кен металлургия секторларының инвестициялық әлеуетін таныстырды.

Сонымен қатар, сессияда "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ өкілдігінің басшысы Искандер Байтасов қордың қызметі мен бірлескен инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын таныстырды.

Іс-шара қорытындысы бойынша CCPIT басшылығы ҚР – ҚХР сауда-инвестициялық ынтымақтастық бойынша ынтымақтастығының жоғары серпінін атап өтті.

Өз кезегінде ҚХР бизнес-топтарының өкілдері Хэбэй провинциясы мен Қазақстан арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары туралы өз пайымдарын ұсынды, сондай-ақ металлургия, көлік және логистика, машина жасау және ЖЭК сияқты салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Анықтама: "Beijing-Tianjin-Hebei International Investment and Trade Fair 2021" форумын Хэбэй провинциясының Халық Үкіметі, Хэбэй провинциясының CCPIT және Пекин, Тяньцзинь қалаларының және Ханьдань қаласының (Хэбэй провинциясы) Халық Үкіметі өткізеді. Форумның міндеті "Пекин-Тяньцзинь-Хэбэй" экономикалық агломерациясын Үйлестірілген дамыту, сондай-ақ Сюньань жаңа ауданын дамыту және 2022 жылы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дайындық мәселелері бойынша өзара іс-қимылды талқылау және жолға қою болып табылады.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/investitsionnye-vozmozhnosti-rk-byli-prezentovany-na-forume-beijing-tianjin-hebei-international-inve/