• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын өткізді

"Қоғамдық кеңестер туралы" ҚР Заңының ережелерін, сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын және Nur Otan партиясының "Өзгеру жолы: әркімге лайықты өмір!" бағдарламасын іске асыру мақсатында "KAZAKH INVEST" ҰК " АҚ-да қоғамдық кеңес құрылды.

Қоғамдық кеңестің құрамына қазақстандық ғылыми және бизнес-қоғамдастық өкілдерінен 7 азаматтық қоғам өкілі, сондай-ақ KAZAKH INVEST-тің 3 қызметкері кірді.

Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы шеңберінде Қоғамдық кеңестің төрағасы, төралқасы және хатшысы сайланды. Сонымен қатар, кездесу барысында KAZAKH INVEST Ұлттық компания қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру шеңберінде кеңес мүшелерімен өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.

KAZAKH INVEST Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов атап өткендей, компания Қоғамдық кеңеспен бірлескен жемісті жұмысқа, оның ішінде Қазақстанның инвестициялық қызметін дамытудың өзекті мәселелерін қарауға дайын.

Өз кезегінде, қоғамдық кеңес мүшелері компания қызметінің ашықтығын арттыру және ұлттық компания мен қоғам арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін білдірді.

"KAZAKH INVEST"ҰК" АҚ қоғамдық кеңесі мүшелерінің толық тізімімен сілтеме бойынша танысуға болады.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakh-invest-provel-pervoe-zasedanie-obshchestvennogo-soveta/