• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен ЭЫДҰ пандемия кезінде инвестицияларды ынталандыру мәселелерін талқылады

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ қолдауымен "Қазақстанға инвестицияларды тарту және ынталандыру: ұлттық стратегия және өңірлік ынтымақтастықтың мүмкіндіктері" тақырыбында вебинар ұйымдастырды.

Онлайн іс-шараны Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров ашты.

"Бүгінде Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы түрлі бағыттар бойынша жүргізілуде, жылдан жылға біз осы өзара қарым-қатынастардың таралып, тереңдеп келе жатқанын байқап отырмыз. Біз ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және бірлескен жобаларымыз нәтижелерінің тиімділігі мен қолданылуына үлкен үміт артамыз. Қазіргі уақытта біз ТШИ мен ШОБ-тың бәсекеге қабілеттілігі мен әртараптандырылуына кедергі келтіретін саясаттарды реформалау бойынша нақты іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге бағытталған "әртараптандыруды ынталандыру және тікелей шетелдік инвестициялар мен шағын және орта бизнес арасындағы байланыстарды жолға қою" атты бірлескен жобамыздың аяқталуы бойынша мәрелік түзуге жеттік", - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.

Вебинарға сондай-ақ ҚР СІМ Инвестициялар комитеті шетелдік инвестицияларды тарту басқармасының басшысы Ерлан Зейнешев, "KAZAKH INVEST" инвестицияларды тарту блогының Басқарушы директоры Жандос Темірғали, "AZPROMO" Президентінің кеңесшісі Фуад Панахов, ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімшесі тобының жетекшісі Пелин Атамер, AIFC Инвестициялар жөніндегі директоры Джеймс Мартин, Венгрияның инвестицияларды тарту жөніндегі агенттігінің бас директоры Роберт Ешик, Түркия Республикасы Президенті жанындағы Инвестициялық басқарманың стратегиялық және Корпоративтік жоспарлау жөніндегі менеджері Самет Акыюз, Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің Инвестициялық ахуалды жетілдіру басқармасының бастығы Алексей Сим және т. б. қатысты.

Іс-шара шеңберінде қатысушылар өндірісті, экспортты және халықты жұмыспен қамтуды әртараптандыруды күшейту саласындағы саясатты әзірлеу мен іске асыруда Қазақстанға көмек көрсету мәселелерінің кең спектрін талқылады.

Вебинар барысында ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімше тобының жетекшісі Пелин Атамер, атап айтқанда, Қазақстан АӨИ-нің жұмысына шолу жасау нәтижелері бар презентацияны ұсынды. Сондай-ақ, өңірге тартылатын инвестициялар көлемін арттыру үшін инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктер арасындағы өңірлік ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, өз сөзінде "KAZAKH INVEST" инвестицияларды тарту блогының басқарушы директоры Жандос Темірғали ҚР жаңа экономикалық моделін қалыптастыру үшін инвестицияларды тартудың маңызды рөлін атап өтті.

 "Біздің күш-жігерімізді пандемиядан кейін қалпына келтіруге және өсуге бағыттай отырып, біз ТШИ көлемін және экономикадағы негізгі капиталды едәуір арттыруды көздейміз. Осылайша, біз бүкіл әлемдегі бәсекеге қабілетті капиталдың кейбір бағыттарына сәйкес келетін жаңа шараларды енгіздік. Қазақстанның инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі батыл бастамаларының бірі 2021 жылғы қаңтарда жаңа құрал - стратегиялық инвестициялық келісімді енгізу болып табылады. Енді стратегиялық инвесторлардың Үкіметпен тікелей инвестициялық келісім жасасуға мүмкіндігі бар. Бұл келісім инвестициялық преференциялардың түрлерін, оларды беру шарттары мен тәртібін айқындайды",- деп толықтырды Жандос Темірғали.

 Сондай-ақ, пікірталас шеңберінде Венгрияның инвестициялар тарту жөніндегі агенттігі мен Түркияның инвестициялық басқармасының өкілдері ТШИ үшін пандемияның ағымдағы салдарын жұмсарту тәсілдері туралы өз тәжірибелерімен және қорытындыларымен бөлісті.

Онлайн кездесудің қорытындысы бойынша Тараптар АӨИ арасындағы ынтымақтастық перспективалары және пандемия кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakhstan-i-oesr-obsudili-voprosy-stimulirovaniya-investitsiy-v-period-pandemii/