• Мобильді үстемені жүктеу

ҚР СІМ басшысының орынбасары А. Айдаров: пандемия жағдайында 41 инвестициялық жоба іске асырылды, 7 мың жаңа жұмыс орны ашылды

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 31 мамыр – ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша брифинг өтті.

Брифингке ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының м.а. Ардақ Зебешев және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мейіржан Юсупов қатысты.

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаров covid-19 пандемиясы жағдайында мемлекеттердің «экономикалық эгоизмі» күшейіп келе жатқанын, соның нәтижесінде ЮНКТАД деректері бойынша 2020 жылы әлемдегі инвестициялық ағындардың көлемі 42% - ға төмендегенін атап өтті. Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, Қазақстанда бұл көрсеткіш 30% - ға төмендеді.

«Мемлекет қабылдаған әрекеттердің  нәтижесінде 2020 жылы Қазақстан экономикасына ЕО, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Жапония, БАӘ және басқа да мемлекеттерден 17,1 млрд, АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту қамтамасыз етілді», - деп атап өтті ҚР СІМ басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, пандемияға дейін жұмысы басталған инвестициялық жобалардың «тоқтап қалуының» алдын алу және жалпы сомасы 1,6 млрд, АҚШ долларын құрайтын 41 инвестициялық жобаны пайдалануға беру мүмкін болғаны маңызды, оның шеңберінде 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Фармацевтика, логистика, ақпараттық және «жасыл» технологиялар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сияқты экономика салаларына инвестициялардың өсуі соңғы уақыттың маңызды үрдісі болды.

«2021 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіне капитал салу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге артып, 397,7 млрд теңгеге жетті», – деп атап өтті А.Айдаров.

Жалпы, халықаралық ұйымдар 2023 жылға қарай дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге дейін әлемдегі инвестициялық белсенділіктің қалпына келуін болжайды.

А. Айдаров өзінің ведомствосы мен ҚР елшіліктерінің жаңа шетелдік инвестициялар ағынын қамтамасыз ету бойынша жүргізіп жатқан белсенді жұмысы туралы айтып берді. Ол үшін үш деңгейлі жүйе механизмі құрылды, оның шеңберінде ҚР шет елдердегі мекемелері үшін жаңа инвесторларды тарту бойынша нақты индикаторлары бар 2021-2025 жылдарға арналған елдік инвестициялық бағдарламалар әзірленді.

 Бұдан басқа, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша сапалы инвестициялар ағынын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап стратегиялық инвесторлар үшін жаңа инвестициялық құрал – инвесторларға ерекше жағдай жасайтын және Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің барлық спектрін ашуға көмектесетін инвестициялар туралы келісім енгізілді.

ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының м.а. А. Зебешев өз сөзінде Инвестицияларды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жүйелі және операциялық шараларды іске асыру векторы туралы айтып берді. Оның ішінде ол инвестициялық омбудсмен институтын күшейтумен қатар, шетелдік инвесторлар кеңесінің қызметін жаңғыртуды, сондай-ақ өзге де шараларды атап өтті.

 А.Зебешевтің айтуынша, жаңа реформалар инвестицияларды басқарудың және инвесторлармен атаулы жұмыстың жаңа алгоритмін бекітуге әкелді. Осылайша, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен инвестициялық штаб құрылды, оның шеңберінде шетелдік инвесторлардың туындайтын проблемалық мәселелері және инвестициялық жобаларды іс жүзінде іске асыру мәселелері үнемі қаралады. «KAZAKH INVEST»  ҰК»  АҚ және  «АХҚО»  АҚ базасында инвесторлармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін арнайы келіссөздер командасы – Task Force құрылды. Проактивті жұмысқа тарту мақсатында орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға негізгі капиталға инвестициялар көлемі және тікелей шетелдік инвестициялар бойынша 5 жылдық нысаналы көрсеткіштер белгіленген. Бірінші басшылардың орынбасарларына инвестицияларды тарту, инвесторлармен жұмыс істеу бойынша міндеттер жүктелді. Жыл сайынғы негізде нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу және инвестициялар жөніндегі жоспарды орындау бойынша өңірлердің рейтингі жүргізілетін болады.

Коминвест басшысының м.а. айтуынша, аталған шаралар 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін ЖІӨ-нің 30% - ына дейін жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс.

Инвесторларға қолайлылықты арттыру мақсатында инвестициялық келісімшарттар жасасу бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Пандемия кезінде онлайн режимге көшудің арқасында 2020 жылға арналған келісімшарттардың саны мен сомасын сақтап қана қоймай, ұлғайтуға да қол жеткізілді. Нәтижесінде, өткен жылы жалпы сомасы 635 млрд.теңгеге 56 инвестициялық келісімшарт жасалды (оның ішінде 46-ы e-license порталы арқылы онлайн жасалды), бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Олардың ішінде, өңдеу өнеркәсібі саласында 51,2 млрд. теңге сомасына 8 келісімшарт жасалды.

  «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы М.Юсупов ұлттық компанияның қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

2020 жылы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстанда өндірісті ұйымдастыру үшін неғұрлым перспективалы тауар топтарын және тауашалы жобаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізілді. Шетелдік инвесторлар үшін халықаралық компанияны тарта отырып, 2,8 млрд, АҚШ доллары сомасына 70 инвестициялық ұсыныс әзірленді. Жобалар бойынша деректер халықаралық стандарттар бойынша әзірленген тизерді, бизнес-жоспарды және қаржылық модельді қамтиды.

Дайындалған жобалардың ең көп саны агроөнеркәсіптік кешен – 33 (жоба), тау-кен металлургия кешені – 7, Машина жасау – 6, құрылыс материалдары өндірісі – 6, Денсаулық сақтау және фармацевтика – 5 және өзге де (13 жоба) салаларға тиесілі. Қазіргі уақытта 1,7 млрд, АҚШ доллары сомасына 32 жоба бойынша инвесторлармен нақты жұмыс жүргізілуде.

М.Юсупов 2021 жылдың 1 тоқсанындағы ұлттық компания жұмысының нәтижелерімен бөлісті. Үш айдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 665 млн. оның ішінде ЖЭК саласына 172 млн, АҚШ долларына 4 жоба, мұнай – газ химиясы саласына 110 млн, АҚШ долларына 2 жоба, сондай-ақ металлургия, құрылыс материалдарын өндіру және туризм тиесілі. Осы жылдың соңына дейін шамамен 4,4 млрд, АҚШ доллары сомасына тағы 36 жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/209613?lang=ru