• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST Қоғамдық кеңес құру бойынша жұмысты бастады

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңес құру бойынша жұмыс жүргізу шеңберінде оны қалыптастыру мәселесі бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Жұмыс тобының отырысына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен Қазақстан Республикасының азаматтары қатысты.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті дамытудағы азаматтық қоғамның мүдделеріне және ұлттық компанияның шешімдерін талқылау және қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеруге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Жұмыс тобының бірінші отырысында заңнамада белгіленген тәртіппен іріктеліп алынған үміткерлер  – азаматтық қоғам өкілдері қатарынан жұмыс тобының мүшелері сайланды. Сондай-ақ кәсіби және қоғамдық қызметтегі бар тәжірибені ескере отырып, жұмыс тобының басшысы алқалы түрде сайланды.

Жұмыс тобы мүшелерінің шешімімен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы анықталды. Оған 10 адам кіреді.

Осы бағыттағы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жұмысының келесі кезеңі ұлттық компанияның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру болады. Оның құрамында қоғам өкілдері болады, сондай-ақ конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен ҚР азаматтары іріктеледі. 

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakh-invest-nachal-rabotu-po-sozdaniyu-obshchestvennogo-soveta-/