Қытайда Қазақстанмен ынтымақтастық болашағы туралы айтылды
Қытай Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар бойынша төртінші орында тұр. Бұл елдің жалпы капиталы 20 миллиард долларға жақындады. Бұл туралы дөңгелек үстел отырысында еліміздің Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев мәлімдеді. Іс-шара Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы Чэнду қаласында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Форум жұмысына ондаған қытайлық кәсіпорындардың басшылары қатысты. Жергілікті бизнеске жеңілдетілген саясат және Қазақстанмен ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттары, ең алдымен, экономиканың өндірістік және шикізаттық емес секторлары туралы айтылды. Өз тарапынан ҚХР кәсіпкерлері елдер арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі өз пайымдарын ұсынды.
Ли Пэй, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымы комитетінің төрағасы:
- Сычуань провинциясы Еуропа мен Азияны байланыстыратын қолайлы географиялық жағдайға ие. Бұдан басқа, өңір ақпараттық технологиялар, цифрлық экономика, чиптер мен жартылай өткізгіштер өндірісі, жаңа энергетика салаларына белсенді инвестиция салуда. Мен Қазақстан экономикалық трансформацияны жоспарлап отырғанын естідім, провинция қолдау көрсете алар еді. Болашақта қазақстандық ғылыми - техникалық өндірістік паркті іске қосу жоспарлануда. Осылайша, логикалық өндіріс тізбегін құруға болады.