ҚР Ұлттық Банкі инвестициялық алтын монеталарды сатудың басталғаны туралы хабарлады
6 мамырда Ұлттық банк 2021 жылғы Altyn Barys инвестициялық алтын монеталарды сатуды бастайды деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Altyn Barys инвестициялық монеталары - 999,9 жоғары сынамалы сапасы жоғары алтыннан жасалған. Оларды Ұлттық Банктің интернет-дүкені сайтынан сатып алуға болады. Ол үшін пайдаланушылар тіркеуден өтіп, жеке кабинет ашуы керек.
«Инвестициялық монеталардың ерекшелігі – монета жасалған металл құны мен салмағына байланысты табыс алу мүмкіндігінде. Сондай-ақ, ережеге сәйкес Ұлттық банк инвестмонеттерді қайта сатып алуға қабылдайды және баға монетадағы металдың салмағы бойынша есептеледі» - деп түсіндірді Ұлттық Банк қызметкерлері.
Барлық номиналдағы инвестициялық монеталар олардың өз құны бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк есепшоттарына салу және аудару үшін қабылдануға міндетті, Қазақстандағы барлық банкте шектеусіз ауыстырылады және айырбасталады.